Өлеңдер ✍️

  03.04.2021
  304


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Жаңа жыл

Жаңа жыл шын жүректен құтты болсын,


Игі істер мен бастамалар сәтті болсын.


Әр бір жылдың дайындаған сыйы бар деп,


Жаңа жылдан әркім күткен жақсы үміт.


            Жана жыл татулықтың жылы болсын,


            Әр шаңырақ шайқалмай бүтін болсын!


            Істеп жатқан істерің оңға басып,


            Үйіңізде әрдайым той тойлансын!


Шілдехана, бесік той,


Қала берсе сүндет той.


Қыз ұзатып, келін алу –


Ата-ананың арманы ғой.


          Ұл баланы ер жетті деп,


          Қыз баланы бой жетті деп,


          Сырға тағып, салт-дәстүрмен


          Құрмет тұтар күн тусын.


Құда-құда дегізіп,


Құйрық-бауыр жегізіп,


Шаңыраққа шаттық кеп,


Отау құрсын жастарың.


         Жана жыл бірлік пенен татулықтың жылы болсын,


         Бақыт, байлық, береке үйіңізге бірге келсін!


         Өкпе-назды, өкініш-мұңды,


         Ескі жылда қалдырып.


Жаңа жыл шаңыраққа құт болып кірсін,


Жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!


Аппақ арман қол создырған,


Жаңа үміттер жүректе ұяласын.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу