Өлеңдер ✍️
Бір досым бар...
Бір досым бар,
Көзіме от жалындай көрінер.
Бала күннен бірге өсіп.
Құлын тайдай тебіскен.
Бір досым бар,
Ер жетіп,
Азаматтық борышты,
Бірге атқарған.
Бір досым бар,
Студенттік кездегі.
Бір досым бар,
Еңбек еткен кездегі.
Бір досым бар,
Ат тұяғы сүрінсе, алшақтайтын.
Бір досым бар,
Жіпке тізіп, бергендерін даулайтын.
Бір досым бар дараланған,
Түйе құрдас өзіммен.
Көрмей қалса сағынатын,
Қайсарлығын мүшеліде көрсеткен.
Қалың орман, қақпа деген түк емес,
Қаһарына іліксең.
Бас сауғалар жер таппай,
Тыпыршып бір қаласың.
Тұла бойың дірілдеп,
Әл қуатың азайып.
Өнім бе, әлде түсім бе деп,
Сандырақтап қаласың.
Сол досымды көрсең сен,
Тайқалақтап қаласың,
Мұз үстінде жүргендей.
Сұлулығын көргенде.
Сол досымның әрқашан,
Амандығын тілеймін.
Досты дос деп құрметтеп,
Сезіне де білетін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter