Өлеңдер ✍️
Байлар хақында айтқан өлеңі
...Қайыры жоқ байлардан,
Ел қонбаған шөл артық.
Жапанды суы суалып,
Бақа сорған көл артық.
Жебеп, желеп жүретін,
Жұма сайын келетін
Иманы бар өлі артық.
Аман болса от бітер ,
Ел жайлаған жер артық .
Жолың түссе жоқтарсын
Көлеңкелі жер артық.
Мұндай байдын жиһанда
Барлығыннан жоғы артық.
Малын берсе өсімге
Шарғыдан артық кесімге.
Шафағаты болмаса,
Жетім менен жесірге.
Оны ешбір бай деме,
Таудан үлкен кесір де.
Қонақ келсе кет десе,
Жалған сөзін ептесе,
Бай мен биді құрметтеп,
Пақырға көңлі жетпесе.
Сол секілді байларды
Күнәлі болмайсын ит десе.
Сахилық деген теректі,
Ол теректің бұтағы
Ұжмақта болса керекті.
Бұтағынан тұтқан құл
Ұжмаққа бармақ себепті.
Сахилық деген тәуірді,
Қолдан келмек ауырды.
Бахилдық деген тар орын
Бенделерде жіберді
Тар лахатқа кіргенде
Раушан қылмас қабырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter