Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
31.03.2021
232
Мен ғой
(Әзімханнан үзінді)
Маневрден шаршап-шалдығып, жатағымызға қайтып келгенімізге екі күн болды. Жорық істерін реттеп отырғанымызда, Әзімхан бір шаруамен келіп, кетерінде:
— Уақытыңыз болса, мына бір хатты оқып шығыңызшы, — деп алдыма аумақты конверт қойды.
Ел тегіс жатқан, штаб командирлері біраз тыншиды. Жалғыз өзім отырып оқуға кіріскен хатты сіздердің алдарыңыздан өткізейін:
«Күн сәске еді. Бой жазуға тысқа шықтым, анадайдан кілемнің түріндей құлпырып көрінген көк, қасына жақын келгенімде түбіндегі қордасы, не ескі жұрт екені, не көктемдегі қораның орны екені, не түбі қиыршық тас екені көрінбеген соң, «Тек тұрмастың» белесіне сол «иесіз» жатқан ен даладан бір кісілік орын таппай келгенімде, жым-жырт күн жауынды төгіп жіберді. «Егінге жақсы болатын болды-ау» деген пікірім дұрыс шықпады: көп уақыт өтпей-ақ «Қайыңдының» барлық өзен, сайларынан қып-қызыл ботана болып аққан сел су көрінді. Соның артынша күңіренген шу шықты. Сол шудан «бауырым-ай», «құлыным - ай», деген сөздер жарқын естілді. Шу ұласты, бірақ, манағыдай жарқын дауыс естілмей, ұшы-қиыры жоқ ыңсып - ыңырану, күңірену тәрізденді. Ол топқа менен қайыр жоқ екені өзіме де, оларға да айқын. Сонымен қатар, ақырын күтіп, сол жерде тұруға ол «күй» менің жүйкемді босатты. Естімейтін жер іздеуге кірістім. Жан-жағыма қарасам, «ботана су» көбеймесе, азаймаған. Бұл мәңгі селдей сезілді. Сол белеспен жоталаңқырап өрлеп келіп, артыма қарағанымда, мен алғаш шыққан дөңесті де су басқан тәрізденді. Келе жатқан бағытымнан басқа жақтың бәрі де солайға ұқсады.
Қас қарайып ымырт жамылғанда, лағын жалап маңырап тұрған бір ешкіге душар болдым. Лағы аяқтанып қалғанымен, еркін уызға тойған соң әр жерге жатып, жүрмей келеді екен. Келе жатқан дөңесім тауға ұласты. Тау дегенім биіктігі жарты шақырым келетін, ұшы-қиыры көрінбейтін шұбатылған қып-қызыл тас. Тіркесінен қақ жарып алып тастағандай тік.
Қараңғы болып кетті. Киіз үйдің белдеу арқанынан жағалап айналған мысықтай ешкі, лақ үшеуіміз тырмысып келеміз. Астымызда жарты шақырымдай тереңдіктегі судың сарыны естіледі. Қарауға тәбетің шаппайды, басың айналады, құсқың келіп жүрегің айниды. Қараңғылығы не қара болса, соның бәрінен де қап-қара. Түннің қараңғылығынан да қара. Шын түпсіз тәрізді. Биіктіктің басына қарауға бөркің түсерлік тік
.
Жүріп келе жатқан жолсымағымыздың кейбір жері әжептәуір, жарты кездей кеңдікте, кей жері сел мүлдем шайып кеткендіктен, қорым тас бөлінген. Абайсыз бассаң алып барып жарты шақырым тереңдіктегі қазандай тастардың бірін-біріне соғып, қызыл көбігіне жұтып, жардан жарға соғып, тауды күңірентіп, тулап жатқан өзенге құшақтастырарлық, оған жеткенше небір түрлі тас, неше бір жоталармен көрістірерліктей. Сондай қорымға ешкі екі рет тоқтап қалып, соғысып екеуінде де ұшып кете жаздадым.
Қашан таң атады, бұл жолдан қашан құтыламын деп келем. Бірақ таусылар емес. Қашан ұшып түсер екем, өмірімнің неше минуты қауіпте қалды деген ойлар шаршаған басты қосымша әлсіретіп келеді.
Ешкінің анда-санда мен үшін емес, лағы үшін еміреніп, лағын күтіп маңыраған дыбысынан белең алды ма, жым-жырт жерден бір топ жануар тастан - тасқа секіріп ере бастады. Олардың аяғынан домалаған тастардың әрбірі бірнеше тасты ілестіріп, қасқыр тиген қойдай алды-артымыздан, үстімізден жанталаса дүрілдесе жарысып өтіп жатты. Сол кезде ешкі басын қорғамақ болып, ышқына секіріп барып, қорымның үстіне түсіп, лып беріп жүрді де кетті. Маңырауға да шамасы келмей қалды. Домалаған тас бұрынғыдан да көбейді. Мені жұлып кететін қайсысы екен деп күткендей, жол бастап жатқан ешкімнен ажыраған соң, мөлиіп тұрдым да қалдым.
Паналауға түк жоқ. Қорыққанға қос көрініп, түн бұрынғыдан да бетер түнерген секілденді. Лақ жатып алып маңырауға кірісті. Түн, тар жол, биік құз, терең шың, тасыған су, көшкен қорым, домалаған тас ортаға алып, дем алуға шаманы келтірмеуге айналды. Өрген дыбыс біздің бет - алдымызға қарай аңырып - аңырып жүрген тәрізденді. Өйткені, домалаған тас тоқтады - ау деп аса күдіктенбей, жиналып жүріп келе жатқанымда, тастың жарысы да көбейіп отырды. Бұл не? Лақтың маңыраған даусын естіп тұрып, тік жерден түсе алмай, дыбысымызбен жарыса келе жатқан қасқырдан басқаға лайығы жоқ. Қасқыр болғанда, біреу емес, көп. Әрине, лақпен қанағаттанбайды. Қарсылық етуге түк дәрмен жоқ. Басқа жаққа қашуға жол жоқ, жоғары шыға алмайсың, шыға алсаң, оларға жақындайсың, төмен түссең жан тұрмақ күлің де қалмайды. Кейін қайтуға түн ортасынан ауып кетті, тегістікке таң атқанша жете алмайсың. Жеткенменен тасыған судың жол беріп жіберуі мәлімсіз. Ілгері жүруге әлі қанша жер қалғаны, жолының қалай екені, ар жағынан тегістік табыла ма, жоқ па, я жете алмай қасқырға жем, я тастан ұшып кетем бе деген ойлар бұрынғы қорқынышты күшейтті. Лақ не ойлағаны маған мәлімсіз, бірақ мен жүр демесем де ілесуде. Арқанмен жүрген даршыдай, жанды шүберекке түйіп, дірілдеп, қалтырап жүріп келеміз. Бір жерге келгенде тасыр-тұсыр жақындап, домалап жарысқан тас көбейіп кетті. Жол таусылды. Алдымыздан төніп, құлап кетейін деп тұрған құз кездесті. Табаны көрінбейді. Салбырап тұрған білектей томармен түспек болдым. Табаным тиер-тимес болғанда, тастың қасына келіп тұрған жерінен үзіліп кетіп, манадан бері таусылмай келе жатқан асау өзеннің құшағына қарай жол тарттым. Өз еркіммен емес, ықтиярсыз тарттым. Кісі бойынан ұзынырақ құп-қу аршаны құшақтай барып, долданып, қанды көбігін шашып жатқан сарқыраманың жарты шақырымдай ар жағына барып жоқ болдым. Көп жерден, ағашыммен бірге бір батып, бір бетіне шығып, ағысқа қарай жөнелдім.
Түнімен қалжыраған дене, оның үстіне түнгі суық жүзу білмейтін, ағашқа ғана жабысып, жабырқанып келе жатқан жанды қалжырағанның үстіне қалжыратты. Ағаш алғашқы кездегідей емес, су соқты болып, ауырлап батуға таянды. Енді аз жерге аққанда, мені көтеріп, бетінен жүзу былай тұрсын, түбіне тартатыны сезілді. Сонда да басқа әрекетім болмай, ағашты өлердегі құшағыммен құштым. Балталап қолымды кесіп ажыратпаса, ажырамастай жабыстым. Басқа қарасар ешкімім жоқ, мылқау су жалынғанды сезбейді. Меңіреу тау одан өткен мейірімсіз, мелшиіп, түнеріп, табан қақпай қарап тұр.
Бір жерде делеңдеп суға құлаған, көлденең жуан қарағайдың, суға салбырап тұрған шыршаларының арасынан өте бергенде, ағашты қоя бере жармастым. Өрлеп шығуға шама келгенмен, есті жинап алғандай болып, төмен жағыма қарасам, көбігі көкке шапшып, долданып, ақырып, сарыны жерді жарып жатқан арқан бойы сарқырамаға мені алып келген ағаш жоқ болып, құлады да кетті. Жоғары өрлеуге қолым талып тұрған шақта, ағашты жағалап маймылдар келіп, мазақтауға айналды. Құры мазақтап қоймады, бір кәрі маймыл қажырланып, шыбықты сілтеп сыртымнан ұрып, есеңгіретті. Қол талды, жүрек қысылып, бас айналды. Ес ауытқыды.
Көбігін шашып, ашуы тасып арқырап жатқан сарқыраманың түрі, қалайда мені келіп, еріксіз келесің, сені құшамын да жұтамын, қанды көбігіме ораймын деп сөйлеп тұрған тәрізденді. Әрбір сар-сар еткен дыбысы «жұттым - жұттым» деген сөз құсап естіледі. Санаулы сағат емес, минут та емес, секунд қана қалды-ау деп тұрған шақта «мұнда» деген дауысты есіттім. Басқа сөзін ұғуға шама қалмады.
Көзімді ашып қарасам, басым таңулы, тілімді қимылдатсам, күрек тісімнің біреуі түскен. Бір жақтағы азу тістерімнен түк жоқ. Жан-жағыма көз жіберсем, ағаш төсектің үстінде жеңіл киіммен шешінбей жатырмын. Әйтеуір, бір жерде көрген кісім, атын таба алмадым, жасы он алты - он жеті шамасында, ұзын қара шашын өрмей, тарап артына жайып жіберген, үстінде іш киімдері ғана бар, аққұба бір әйел дөңгелек қара көзінен жасын мөлт-мөлт ағызып, өксігеннен ерні елбіреп, түкірігін жұтып, аянышты халмен төне түсіп отыр. Менің оянуыма себеп болған, бетіме тамған, соның көзінің жасы екен. Менің оянуымды тілеп отырған болса да, көзіме көзі түскен соң, көзінің жасын сүртті де, төсек алдындағы орындық үстінде тұрған альбомды ашып, қалтыраған, қарлыққан үнмен оқуға кірісті. Терезеден түскен күннің сәулесі едәуір уақыт болғанын сездірсе де, ол оған назарын да салмады. Мен тыңдауға айналдым.
— Ұлу жылы еді, — деп бастады. — Сел ел-жұрттан ажыратты, Әйнеш екі қызымен үшеуі, Рақман әйелі, Орын - бүбі баласы, Бекқұлы бес күннен бері ішуге қорек жоқ. Кеше Рақман ортаншы баласы Сейдыманның үйіне барғанда, Сейдыманның әйелі — Сәтбүбі «Сен әкеңді асырайтын болсаң, мен де әкемді әкелем, сөйтіп, екі күн ішетінімізді бір-ақ күн ішіп, осылардың көріне кіреміз» деп ұрысқан соң, «қарағым, өлтірсең қолыңнан өлтір, қарға құзғынға жем қылмай, бетімді жасырарсың, құлыным едің ғой, іштен шыққан құлыным едің ғой, тілегім сендердің алдыңда өлу еді ғой» десе де, бөліп берер қолында түгі болмай, үйінде барын бере алмай, берейін десе қатынынан қорқып, үйден шығармай, барын алып қатыны кететініне көзі жетіп, ол кетсе аштан өлетініне тағы көзі жетіп, «сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деген әкесі Рақманды итермелеп, «кет» дегенде, сүйретіліп, өкіріп жатып алған соң, оттың басында жатқан көсеуді алып, үстін қанға бояған болатын. Содан сандалып келіп, қазір есін жинап, «құдайдан тілеген балаң сол болса, одан да оны өсірмей пісіріп же» деп, қимылдауға шамасы келмей, ыңыршағы айналып отырса да, Рақман қанына қарайған еді. Сол кезде Әйнеш «кешегі қыздың он саусағынан басқа қалмапты, мынау адам болар дейсің бе» деп, жым-жырт жатқан қызына бір қарады да, Рақманға қарады. «Бала деген ит, тамақтан өтсе жарағаны емес пе», — деді Рақман. Әйнеш екі сөзге келген жоқ, жатқан қызды борбайынан сүйреп барып, томарға мойнын артып қойып, балтамен он шақты ұрып, кеудесінен басын ажыратты. Бұрын сұлық жатқан Зейнештің төрт жасар денесі жыбыр-жыбыр етіп, аяқ-қолдарын бірнеше рет созып - керіп серпіді де, тынышталды. Балтамен алғаш екі-үш рет ұрғанда, көзін алартып, ішін тартып, ышқынып - ышқынып келіп, бір-ақ рет ащы дауыс шығарды. Қаныққан Әйнеш қозы сойғандай мүше - мүшелеп қазанға сала бастады деген жерге келгенде «бауырым» деп мені құшақтай құлады. Мен орнымнан тұрып, су бүркіп, есін жинатып отырғанымда, «Молодая гвардияға» салып айтылған топтың әні, музыканың үні естілді. Бұл кезде үйдегі әупілдек (громкоговоритель) парсының походный маршына салып тұр еді. Бірақ шаттанған көп мені де артына ілестірді.
Көпшілікпен мен де үйге келіп, бұдан бес-алты күн бұрын жарған балапандарын көрейін деп аманат құрған тауыққа барып қарасам, бір жылан балапанның ортасында жатыр. Балапандарды аяп, жыланды алып тастамақ болып ұмтылғанымда, тауық балапанын қорғап келіп, бетіме теуіп жіберіп, қан ағызғаны ғой. Тауықтың өшін жыланнан алмақ болып, ашумен басынан ұстап, лақтырмақ болғанымда, ол құрғыр жалаңаш, жұмсақ қолымды шаққаны ғой. Ойда жоқ жерде екі жара түсіріп алып, сол дақтың жазылуын күтіп кешігіп қалдым. Манағы бой жазуға шығардағы отырған жайыма енді келіп отырмын ғой.
Мекесі, «бастан өткенді толық жаз, не ғып кешіккеніңді айт» деген соң мыжып отырғаным ғой. Ерінбейтін кісіге ермек боларлық жағдайлар да өтті. Бірақ, менің оны кәсіп етпейтінім өзіңе белгілі ғой, сондықтан бұдан былай мұндай ету тілекті сен қоймассың, мен орындамаспын.
Енді үзбей хабарласып тұрғанымыз жөн болар. Айдардың хатын күтудемін. Екеуіңнен күтерім тең.
«Қош қолдарыңды қыстым», — деп, атын жазбастан «Мен ғой» дей салып, қағаздың бос қалған жеріне осқырта «зет» белгісін қойып, аяғында П. С.- ты жазып, жүгірте «қойдым құрсын, мылжыңдай бермейінші, кейін жазармын» деп сияны шашырата, қаламын солдан оңға қарай тартыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter