Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
31.03.2021
357
Қарттық туралы толғаныс
Қарттық аяғымды тұсап, үйден шығармай, отбасында көгендеп қойды. Қолым қалтырап, түрегелсем тізем дірілдеп, буыннан әл кеткенімен, көкірегім сайрандай ашық, ақылым тетік, көзім әлі де қырағы. Ойдың жүйріктігін кісі қартайып, бөстекке тұтқын болғанда ғана біледі екен. Ел іші, ақыры үй шаруасына айналысып, тірлікке алданбағаннан кейін, өткен-кеткеннің барлығы ап-айқын болып, көкірегіңде сайрап, көз алдыңда жолдай жосылып тұрады екен.
Тоқсан түрлі шешуі бар торқа сияқты іліге, түйіле шатысқан өмірдің тоқымасын тоқсандағы қарт шешуі оңай ма деп те қаламын. Бірақ та төріңнен көрің жақын болғаннан кейін, денеден кеткен күш ойды өрге сүйреп, қанды қайнатудың орнына, жаныңды көрге сүйреп, тәніңді күннен күнге дамыл таппай суытқанын сезген соң, сарғайған жапырақтай, дымқылға түсіп шірігендей, кей кезде ойға терең сүңгіп отырып, мүлгіп-қалғу қарттықтың серуен жолдасы екендігіне бүгін көзім де, ақылым да айқын жетіп отыр. Кеудіреген қарт денені ой кернеп, сыздауықтай сыздататын мезгіл де аз көрінбейді. Тек өткен-кеткен ғана өне бойы ми қонағы болып тұра да бермейді. Кей кезде болашақты да ойлайсың. Бірақ та оған өзің жетпеуге көзің анық жеткендіктен бе, тап осы кездегіні, болашақты, сенікі емес — балалардікі деген өзімшілдік мінез пайда болып, егер де өмірімнің мен татқан ащы-тұщысынан білгенімді айтсам, тағы да жастардың біреуі «Мына алжыған шал не деп ақыл айтып былшылдап отырды» естіртіп айтпаса да, ішінен айта ма деп қаймығып, бар сырыңды ішіңе сақтап отыра береді екенсің. Зерігесің, ойдан да қашық болғың келеді. Сарғайып, сазарып отыра берген соң, қайтадан ой қоршауына қалай түсіп мүлги қалғығаныңды оянғанда бір-ақ сезесің.
Жастар көзінің қырымен қарай беріп, біріне ымдай жымиып саған күледі. Әдеп тұтқаннан шаршап, кей кезде баланы оятқандай сөзіңді дұрыстап ішінен мысқылдайды, ақырында қарттарды ашық келемеж қылудан тайынбайтын немере-шөберелер де құдай ақын, жоқ емес, меніңше, көп те. Оларға ызаланып, құсаланатын да дәрмен аздықтан ба, әйтеуір елемеген болып отыра бересің. Өйткені олар ойлап, ұялып басылмайды, басынады — төбеңде ойнайтын әсіреңкіліктері де болмай қоймағанда, «басыңа келсінді» қарғап ойламайсың, «көп жаса» деген тілекпен айтқаныңды сезгенде, қарттықтың ішінің сонша кеңдігіне таң қаласың.
Менің тірлігім — ой, ой үстінде қалғу. Қалғу — менің тұлпарым, ұйқы — менің желмаям. Көзім ілініп кетсе, жаһан кезіп, серуендеп шаршағанымды бір-ақ сезем.
Қар жауды қара жерге кетпейтұғын,
Астыңда екі бұлақ кеппейтұғын.
Құрылған меруерттен есіл қала,
Табылмас сені ұста септейтұғын.
Қарттықтан мүгедек болып отырып, өзіңді-өзің бұл дүниеге ертең-бүрсігүні кететін қонақ санағандықтан ба, кісі өмір қадірін қартайғанда шынымен-ақ біле ме деймін. Қартайған сайын жан тәтті бола ма деймін. Ақырғы күніңде ешкімді ренжіткің келмейді, біреудің көңілі қалмасын деген пікір ойыңнан кетпей, жастардың бәріне «қарағым-шырағымды» алдап, айлалау үшін емес, шын ниетіңмен-ақ жақсы көргендіктен айтасың. Кімге болса да жаманшылық ойламайсың, бәріне де Алладан жақсылық тілейсің. Өзіңнен кішілердің барлығы көзіңе әртүрлі құлпырған гүл сияқтанып көрінеді. Қарт кісі жастарға гүлге мейірімденгендей мейірімденіп, қызыға жаны ашып, аяулы мінезбенен қарайды екен, олар бақытты болса, шын ниетіңмен қуанады екенсің, бақытсыздығына, жеңіл-желпілігіне кәдімгідей-ақ кәрі қабырғаң қайысып, қынжыла қайғы ұрғандай боласың. Елдің барлығына бақыт тілейсің. Бәрі бірдей жақсы болып, өмір қызығын уайымсыз өткізсін дейсің. Бұдан бұрын қарттықтың соншама ақ ниет, мырза екенін кім біліпті. «Бала да бір, қарт та бір» дейді қазақ. Мүмкін, дұрыс шығар. Баланың ойы алға жүйрік болса, қарттың ойы артқа жүйрік, шапшаң, күнәлі өткен өмірді мезгілде аралап шыға келеді. Баланың ойы — тәлтіректеген тапыр-тапыр ұйытқи соққан қиыр ұшы, байланысы жоқ қызық ой, қарттың ойы — тіс қаққан тетік ой — белдер асып, қырға шығып, кейін өз ізіңе өзің қарап, қисық-қыңырын сынақ көзбен көрген мезгілдей болғандығынан болуы керек деймін.
* * *
Жеңгеңнің әкесі Бекбай, оның атасы Көкбай деген кісі болған. Екеуі де Абайдың замандасы болған кісілер. Үлкен ағасын өзіне атқосшы қылған Абай, мынаның әкесін Семейге жіберген. Соған мал беріп, бақтырып, барғанда тұратын тұрағы еткен. Яғни Абайдың Семейдегі даяшысы болған. Абай капризный кісі болған. Абайға бұлардың жақындығы осы жағынан. Ал, енді шежіре жағынан алғанда, бұлар тобықты емес. Бұлар Уақ-Керей, бұлар ру жағынан С. Мұқановқа жақын. Бұлардың ата-бабасын Абай өзіне тартқан. Абайдың атын ата-бабалары жамылып келсе, бұлар да Абайға жақынбыз деп жүреді. Әкесі негізінен Семейдегі Абайдың қызметшісі болған кісі. Өйткені Абайға қонақ үй керек, сол үшін ұстаған. Мұны маған олардың өздері айтып берді, ру сұрасқанда қариялары айтады.
* * *
Шамасын білмеген кісіде ауыл жоқ. Шаманың да шеңбері бар. Соны байқау үшін аз, көп болсын, ақыл керек. Мынауың шаманы, ұн шеңберді де білмейді. Шаманы білу үлкен нәрсе, онымен санаспасқа болмайды. Өмірден орнын арсыздар мен ақымақтар ғана таба алмайды.
Абайша:
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар, қалан деген ой.
* * *
Өмірден біз қайғырып уайым жейміз....
Құдірет оны да біз өмір дейміз, —
депті ауылдың қазағы. Я не исключения. Менде де сондай арман бар. Арман деген сөзге дұрыс түсіну керек. Арманның түбі жоқ, терең нәрсе. Дарынды ғалымдардың, ақындардың, әншілердің түбіне жетпеген арманының тегі сол болады. Тіке айтқанда Морис, Э., Л., Сталиндер сол арманның түбіне жету — орысша айтқанда невозможно.
Мечта — это поэтическое слово... Никто не постиг в истории человечества своему мечту. Это невозможно! Реализм мен романтизмді айыра білу керек. К несчастью человечество — мы до сих пор не различаем разницу между реализмом и идеализмом.
Человек — сознательные животные. Сознание в разное время понимается по разному. Так сознаниям, коммунизм — это утопия. Мы сами видим что такое социализм. Глупый Хрущев заявил — мол завершили строительства социализма — деп оттады ғой.
Личные интересы каждого поколения разное. Бір заман, бір заманға ұқсамайды. Бір заманның балалары екінші заманның балаларына тоже ұқсамайды. Әркімнің өз заманы өздеріне жарастықты. Олардың жақсылығы да, кемістігі де болады. Оларға пайғамбар болудың қажеті жоқ. По этому всякие предсказывание это абсалютное ерунда. Кішкентай мысал. Өзіміздің бел баламыз кейде тілімізді алады, кейде тілімізді алмайды, а предсказывать будущее — общее явления, это очень строго безответственное явление. Сама будущего поколения, сами будущее общества в смысле закономерного своего развития будут решать свою судьбу. Нам, старшим поколениям, командовать им нечего. Жить да им, а не нам. Пусть они сами решают свою судьбу. Наставниках мы их негодимся.
Я как старый человек может грубо, может быть резко выразил свою мнения, я не прошу прощения — потому что я так думаю, а вы как думаете дело Вашей .... (жизни).
Мен Бауыржан Момышұлымын — я — знаменитый полковник (это говорю без ложной скромности); Я признан как полководец — как воин, не только в Казахстане, не только в Советском Союзе, а во всем мире. Я писатель, я ученый — философ, психолог. Я — поэт, я — инженер..., Все это говорится без ложной скромности, на все эти перечисленные вещи у меня имеются документы.
Со мной шутить можно, но баловаться нельзя.
Служу Советскому Союзу.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter