Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
30.03.2021
247
Ананың көңілі
Сақан ауылға дүниеден өтіп кеткен әке-шешесіне құран оқытуға барды. Сақандар бір әке-шешеден екі ағайынды жігіт. Ағасы ауылда тұрады.
Сақан ауылға барғаннан кейін көршісі Толыбай ағаның үйіне кіріп-шықпақ болды. Ондағы бір ойы ауылда ағайындарым аз, ертең өзіңіз келіп, бас-көз болып жүріңіз демек. Толыбай, негізінен, жасы алпыстан асып кеткен, қара жұмыс істеп зейнетке шыққан, балаларының алды үйленген, солардан немере көріп отырған кісі. Мінезі ақ көңілдеу адам.
Сақан Толыбайдың ауласына кіргенде, Толыбай аулада тұр екен. Сақанды көріп елпілдеп қалды. Сақан ауылға не шаруамен келгенін айтқанда, Толыбай басын изеп Сақанды құптап-ақ тұрды. Сақанның ертең үйде болыңыз деген сөзін естігенде "барамын, шырағым, барамын, ішінде боламын" деп Толыбай тағы да елпелектеді. Осы Толыбайдың қартайған шешесі бар еді. Сақан енді Толыбаймен әңгімелесіп болып, Толыбайдың шешесіне де амандасып шықпақ болды.
- Шешем үйде ме? - деді Сақан Толыбайға.
- Үйде, үйде әжең! Кіре бер! - деді Толыбай елпелектеп.
Сақан аяқ киімін шешіп үйге кірді. Толыбайдың келіндерінің бірі Сақанға ілтипатпен амандасып: "Әже мына жақта, кіре беріңіз", - деді. Толыбайдың аяғы шыққан немерелері Сақанның алдынан жүгіре шығып, бірі оң қолын беріп, бірі шатасып сол қолын беріп амандасып жатты. Сақан олардың кішкентай қолдарын ауыртып алмайын дегендей, ақырын қысып, бастарынан бір-бір сипады да, кемпір отырған бөлмеге кірді.
Кемпір әлі тың. Көзі де жіті, құлағы да сақ. Сақанды бірден таныды. Айналып-толғанып бақты. Сақанның ауылға келгендегі мақсатын естігенде "ей, қарағым-ай..." деп елжіреп қалды. Кемпірдің құлағы анық естіп отырса да, Сақан, неге екендігі белгісіз, айқайлай сөйледі:
- Толыбай ағама да айттым! Ертең үйде болыңыз дедім! Өзіңіз үлкендік жасап, бас-көз болып жүріңіз дедім!
Сақан осыны айтты да, кемпірден жауап күтіп, тынши қалды. Кемпірдің өзін қоштайтынына сенімді еді. Бірақ кемпір басқаша мінез көрсетті.
- Үйбуй, қарағым-ай! Толыбайжанға несіне айтасың? Толыбайжан деген әлі бала емес пе? - деді кемпір.
Сақан кемпірге аузы аңқиып қарады да қалды. "Қайдағы бала?! Жасы алпыстан асып кеткен адам".
Сақан әженің ойын үйге келгеннен кейін барып қана ұқты. Сөйтсе, аналарға баласы неше жасқа келсе де, әлі бала болып қала береді екен ғой. Мейлі, тіпті ата болып кетсе де. Бірдеңені бүлдіріп алардай қаупалақтап отырады екен. Сақан осыны түсінді, түсінді де, әженің көңіліне ақжарқын кейіппен жымиды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter