Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
30.03.2021
301
Алғашқы ұстаз
Қазалы ауданы, Қожабақы ауылындағы №25 қазақ орта мектебінде ұзақ жылдар бастауыш сыныпқа сабақ берген мұғалім, алғашқы ұстаз Нұғыман Әбдіразақов жайында жазылған.
Ағайы жақсы-жақсы әңгімелер айтушы еді. Бірде ағайы бұларға Қажымұқан туралы айтып берген. Әңгіме Қажымұқаннан да күшті бір жігіттің болғандығы туралы еді. Есейе келе әлгі әңгімені өзі де оқып шықты. Сонда көз алдына сол сәттегі ұстазы келе қалған. "Е-е, бұл әңгіме сол кезде әдеби журналда жарық көрген екен ғой, ағайы содан оқыған, сонан соң бұларға айтып берген". Әңгімені ағайының әсерлі етіп жеткізгендігі соншалықты, тіпті соңында: "Балалар, бұл өзі палуан аталарыңның арманы көрінеді", - дегенінде, бұлар "қап, сондай да тағы бір күшті жігіт болғанда ғой" деп іштей өкінісіп те қалған еді.
Ағайы бірде бұларға: "Балалар, қолдарыңды партаның үстіне қойып, қолдарыңның сыртына зер салып қараңдаршы, иненің жасуындай ғана ұсақ тесіктерді көресіңдер ме?" - деді. Бұл іштей ойланып қалды. "Ағай қолдың терісінде ұсақ тесіктердің болатындығын енді ғана көріп отыр ма?!" Ал кейбір балалар болса "иә, ағай, бар екен, бар екен" деп айқайласып жатты. Есейе келе бұл ағайының балалардың назарын өзіне аудартып алу үшін жасаған әдісі екендігін ұқты. Енді ағайы тері және ондағы осы ұсақ тесіктердің адам өмірінде алатын орны жөнінде әңгімелей бастайды. Ол үшін баланың тазалық сақтап жүруі маңызды екен.
Ағайы "жазалау" шараларын да қолданады. Жоқ, ағай ешкімді ұрып-соққан емес. Әңгіме үлкен мектептегі әскери дайындық кабинеті туралы. Ағайының айтуында әлгі кабинет сұп-суық естіледі. Әңгіме сол кабинеттегі үшкіл найзалар туралы болмақ. Үшкіл найзалардың ортасында кішкене бала сиятындай ғана шағын алаңқай бар. Ал егер бұзық баланы сол алаңқайға тұрғызып қойса, не болмақ?! Былай қозғалса да, былай қозғалса да, үшкіл найзалар қадала кетсе ше?! Мұны естіген кейбір балалар жылап қоя береді. "Ағай, ендігәрі бұзық болмаймын, әлгі атышулы кабинетіңізге қамай көрмеңіз!" Есейе келе әлгі кабинетте өзі де оқыды. Сұп-суық екені рас екен. Пеші жылыта алмаса, сұп-суық болмағанда қайтпек? Ал найзалар туралы ешқандай әңгіме қозғалған емес.
Ағайы мұның үйіне газетке келеді. Өйткені мұның әлі тұрмыс құра қоймаған апайы байланыс бөлімшесінде хат тасушы болып жұмыс істейді. Есік алдында ойнап жүрген мұны көрген ағайы: "Газетімді әкеліп бере қойшы", - дейді. Бұл қуанып кетеді. Бағана ғана мектепте өзіне сабақ берген ағайының жұмсай қойғанына қуанады. Үйге айқайлай, аптыға кіреді:
- Ағай газетке келіп тұр! Ағай газетке келіп тұр!
Бірақ еңбегі еш кетер еді.
- Ау, не істейік енді, ағайың газетке келіп тұрса?! Соған бола соншама айқайлауың керек пе?! Газетке келіп тұрса, сенің ағайың ғой келіп тұрған, біздің ағайымыз емес.
"Әй, осыларды-ай! - дейді бұл ішінен. - Біздің ағай бастауыш сыныптарында осыларға да сабақ бере қоймаған екен. Өздерінің ағайларын мақтағанда бәледей-ақ".
- Болсаңдаршы енді! - дейді бұл. - Ағайым күтіп қалды ғой!
Газет ақыры қолына тиеді-ау. "Мынау не деген ап-ауыр газет?! Ағай осының бәрін оқиды ма?!"
Ағайының көзі газетті көргенде күлімдеп қоя береді. Сонда да бірден кете қоймастан, желге арқасын беріп тұрып, газетті қалқалап ұстаған күйі арасынан аудандық газетті суырар еді. Суырып жатып: "Өлеңім шықты ма екен?" - дейді. Әлгі сөз бұған қаратып айтылмаса да, бұл "шықты" деп айқайлап жібере жаздайды. Мана көріп алған еді. Айқайлап жібере жаздайды да, тоқтай қалады. Ағайы ау соншама айқайлағаның не деп жүрсе ше, өзім де көргелі жатырмын ғой, газетке шыққан өлеңіңді өз көзіңмен көрмегеннен соң, біреудің "шықты" деп айқай салғанына да бола ма деп жүрсе ше? Тыныш тұрғаны жақсы. Ақыры ағайының көзі газеттегі өлеңіне түседі-ау. "Ә, шыққан екен! - дейді қуанып кетіп. - Шығарған екен!" Бұл ағайының өлеңін шығара қойған аудандық газетке іштей мың мәртебе алғысын жаудырып тұрар еді: "Ағайдың өлеңін шығара қойғандары жақсы болды-ау! Ағай бір қуанып қалды". Ағайы енді бұрынғыдан да көңілдене түседі. Газеттің бәрін қосып, салмақтап ұстап тұрып: "Мынау маған жақсы болды-ау, - дейді. - біраз азық болатын болды!" Бұл кетіп бара жатырған ағайының соңынан таңдана қарайды: "Азығы несі?! Азық деп нанды айтпаушы ма еді?!" Рухани азық деген де азықтың түрі болатындығын, оны керек етпей де өмір сүре беретін адамдардың болатындығын әлі біле қоймаушы еді. Тіпті өзінің де өскесін мұғалім болатындығын, сол ағайы кіріп-шығып жүрген кеңседен кіріп-шығып жүретіндігін, өзінің де өлең жазатындығын, жазған өлеңін аудандық газетке ұсынатындығын, оның аудандық газетте жарық көретіндігін, сол басылып шыққан өлеңін баяғы ағайы құсап "ә, шыққан екен, шығарған екен ғой" деп тұратындығын да біле қоймаушы еді.
Бірде бұл отырған жерде мектеп басшылары мұның ағайы туралы әңгіме қозғап қалған еді. Сонан соң бәрі де бірауыздан: "Нөкеңдер жақсы ұстаз бола алған кісілер еді ғой!" - деді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter