Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.03.2021
224
Әке-Ана
(ұлдың тілегі)
Уыздай перзент атты гүл-шыбықтың
Үнінен уілдеген бір сыр ұқтың.
Мына өмір, мына әлемде Сендер барда
Бағасын білдім ғажап тіршіліктің.
Дедіңдер - уаттың да, жылама енді,
Мейірімді сәби жаным ұға берді.
Әкетай, тек Анашым, сендерменен
Таныпты сәби-кеуде мына әлемді.
Ой салсам өмір-жолдың өткеніне,
Тұрыпты-ау сендерменен Көк те күле.
Ілесіп сендер жүрген соқпақпенен
Еніппін мына өмірдің мектебіне.
Өтсем де тіршіліктің сынағынан,
Сендер деп бар болмысты ұғады жан.
Сендердің мейірім толы үндерің боп
Санамда қалған сіңіп мына бір Ән.
Сол әнмен нәрін жинап гүл-алаптың,
Тағдырға қарсы кейде тұра қаппын.
Сол әнмен ұмтылдым да биіктерге,
Өмірдің дауылынан құламаппын.
Кеудеме сол әуенмен білік толып,
Жүріпті-ау жүрекке әр кез үміт қонып.
Есейіп, ер жеттім де сол әуенмен,
Байқадым қалғанымды жігіт болып.
Жоғалтып өмір дейтін сабылыста,
Ілесіп кетті Әкенің әні құсқа.
Сонан соң перзент-көңіл шырылдады
Мәңгілік көндіге алмай сағынышқа.
Деді ме тағдыр бірақ бағың басым -
Ана-үн жүрегіңде жалындасын.
Бұл күнде өзі әке болған ұлдың
Маматай, бақыттысың - жанындасың.
Өмір-жол шаттықпенен тосты да үнін,
Кешегі әуенге әлди қосты бүгін.
Анашым, келінің бар, міне, бүгін -
Жаныңда қос немере - қос құлының.
Бұл күнде көңілдегі алаң қалып,
Жүр аман көз алдыңда балаң да нық.
Ана, сен Әкемменен бір ұқтырған
Тәлімің жаңғырады санамда нық.
Біз бүгін ортасында думанды елдің,
Деймін мен осы жерге Сырдан келдім.
Бал күнім, балалық шақ еске түссе,
Әнімен шабыттанам туған жердің.
Ел жақтан жүрсем-дағы жырақ қонып,
Парызым санамда жүр сұрақ болып.
Сендердің өнегелі әр істерің
Қанымда тулап ағар бұлақ болып.
Сезем де сол шаттықтың бал бұлағын,
Ұл, қызым - деймін енді арлы бағым.
Әкелік асқақ үннен қуат алып,
Мен бүгін қайта түлеп жаңғырамын.
Кеудемде сол әуенді жазармын да,
Десем де болашаққа сөз алдым ба -
Өмірде жетістігім Сендер болып
Бәрібір тұра берер көз алдымда.
Уыздай перзент атты гүл-шыбықтың
Үнінен уілдеген бір сыр ұқтың.
Мына өмір, мына әлемде Сендер барда
Бағасын білдім ғажап тіршіліктің.
Дедіңдер - уаттың да, жылама енді,
Мейірімді сәби жаным ұға берді.
Әкетай, тек Анашым, сендерменен
Таныпты сәби-кеуде мына әлемді.
Ой салсам өмір-жолдың өткеніне,
Тұрыпты-ау сендерменен Көк те күле.
Ілесіп сендер жүрген соқпақпенен
Еніппін мына өмірдің мектебіне.
Өтсем де тіршіліктің сынағынан,
Сендер деп бар болмысты ұғады жан.
Сендердің мейірім толы үндерің боп
Санамда қалған сіңіп мына бір Ән.
Сол әнмен нәрін жинап гүл-алаптың,
Тағдырға қарсы кейде тұра қаппын.
Сол әнмен ұмтылдым да биіктерге,
Өмірдің дауылынан құламаппын.
Кеудеме сол әуенмен білік толып,
Жүріпті-ау жүрекке әр кез үміт қонып.
Есейіп, ер жеттім де сол әуенмен,
Байқадым қалғанымды жігіт болып.
Жоғалтып өмір дейтін сабылыста,
Ілесіп кетті Әкенің әні құсқа.
Сонан соң перзент-көңіл шырылдады
Мәңгілік көндіге алмай сағынышқа.
Деді ме тағдыр бірақ бағың басым -
Ана-үн жүрегіңде жалындасын.
Бұл күнде өзі әке болған ұлдың
Маматай, бақыттысың - жанындасың.
Өмір-жол шаттықпенен тосты да үнін,
Кешегі әуенге әлди қосты бүгін.
Анашым, келінің бар, міне, бүгін -
Жаныңда қос немере - қос құлының.
Бұл күнде көңілдегі алаң қалып,
Жүр аман көз алдыңда балаң да нық.
Ана, сен Әкемменен бір ұқтырған
Тәлімің жаңғырады санамда нық.
Біз бүгін ортасында думанды елдің,
Деймін мен осы жерге Сырдан келдім.
Бал күнім, балалық шақ еске түссе,
Әнімен шабыттанам туған жердің.
Ел жақтан жүрсем-дағы жырақ қонып,
Парызым санамда жүр сұрақ болып.
Сендердің өнегелі әр істерің
Қанымда тулап ағар бұлақ болып.
Сезем де сол шаттықтың бал бұлағын,
Ұл, қызым - деймін енді арлы бағым.
Әкелік асқақ үннен қуат алып,
Мен бүгін қайта түлеп жаңғырамын.
Кеудемде сол әуенді жазармын да,
Десем де болашаққа сөз алдым ба -
Өмірде жетістігім Сендер болып
Бәрібір тұра берер көз алдымда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter