Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  335


Автор: Ғабиден Қожахмет

Түлек әні

("Мектеп вальсі" әуенімен)

Өмір легі міне өзгерді,
Бойға ыстық жалын тараған.
Қанат қағып ұшар кез келді
Қымбат, жақын мектеп-анадан.

Достар, достар!
Көңілдерде - арман!
Асу, асқар
Күтеді алдан!

Жанымызға шуағын төккен
Ыстық бізге ауыл тау, тасы.
Балалық шақ қызығы өткен
Қош болып тұр, мектеп партасы.

Достар, достар!
Көңілдерде - арман!
Асу, асқар
Күтеді алдан!

Қалар артта нұрлы балалық,
Ұстаздар да қалар қоштасып.
Достар, қатар қанат қағалық,
Өмірде де бірге достасып.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу