Өлеңдер ✍️

  07.02.2021
  13772


Автор: Мұқағали Мақатаев

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Өте өлең дер
Өте өлең дер 21.11.2024 20:58
Өте күшті күшті өлең дер жинағы екен
??????????????????☺?????????????????????
Күшті
19.11.2024 20:57
Уау деп айтат деп ойладыңдарма ойнап айтам күшті маған осы отан дегені ұнайды
Мұқағали
Мұқағали 19.11.2024 20:52
Күшті
Неғыласыз
Неғыласыз 19.11.2024 20:51
Мәә маған ұнады
23.08.2024 21:24
мағанда Мұқағали мақатаевтың өлеңдері қатты ұнайды
жарқын
жарқын 14.02.2024 12:39
маған Мұқағали Мақатаевтің өлендері өте қатты ұнайды
Жанннұр
Жанннұр 09.02.2024 23:23
Өлеңдерін өте жақсы жазады
Асем
Асем 05.02.2024 21:07
Өлеңдері өте жақсы, әсерлі
Айзере
Айзере 10.01.2024 17:57
Керемет!! Маған Мұқағали Мақатаев өлеңдері қатты ұнайды?
Қарасай Асыл
Қарасай Асыл 08.02.2023 23:42
Маған Мұқағали атамыздың отан туралы өлеңі ұнады бұл өлеңдерді істеу қалай ақылына қонды деймда
Алиназ
Алиназ 09.01.2023 21:50
Оте кушты олендер екен маган оте унады
Әлфия
Әлфия 07.02.2022 22:31
Мақатаевтың өлеңдері маған ұнады. Өте керемет. Өлеңдері көп екен. Мен үш бақытым өлеңін жаттатып дебем. Апай мәнерлеп оқуға қатысасың дебеді ғой.

Пікір жазу