Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.03.2021
337
Ерке Есмахан туралы
Ерте,ерте,ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Торғайдың бір жігіті,
Ғашық бопты Еркеге.
Ерке сондай әдемі,
Баурап алар жан еді.
Ән айтқаны бір бөлек,
Елге жұмбақ әлемі.
Жігіт болса жігерлі,
Бағындырар бір елді.
Жеткізе алмай жан сырын,
Ішке түйіп жүр енді.
Көргенде жоқ сырласып,
Батыл қадам бір басып.
Өзіне емес ол бірақ,
Өнеріне шын ғашық.
Екеуінде қолдаймын,
Екеуінде қорғаймын.
Іздегені Еркенің,
Құшағында Торғайдың.
Ерте ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Торғайлыққа ұнаған,
Арман жоқ-ау Еркеде.
Ешкі жүні бөртеде.
Торғайдың бір жігіті,
Ғашық бопты Еркеге.
Ерке сондай әдемі,
Баурап алар жан еді.
Ән айтқаны бір бөлек,
Елге жұмбақ әлемі.
Жігіт болса жігерлі,
Бағындырар бір елді.
Жеткізе алмай жан сырын,
Ішке түйіп жүр енді.
Көргенде жоқ сырласып,
Батыл қадам бір басып.
Өзіне емес ол бірақ,
Өнеріне шын ғашық.
Екеуінде қолдаймын,
Екеуінде қорғаймын.
Іздегені Еркенің,
Құшағында Торғайдың.
Ерте ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Торғайлыққа ұнаған,
Арман жоқ-ау Еркеде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter