Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
30.03.2021
1105
Шалдың үш баласы
Күндерде бір күн ертеде бір шал болыпты. Шалдың үш ұлы бар екен. Бір күні шал үш баласын қасына алып отырып сұрапты: «Қорамда сан жетпейтін малым бар. Сандығымда сан жетпейтін алтын бар. Мен өлгенде, мені қалай қылып көмесіңдер?» - деп сұраған.
Көп кідірмей-ақ балалары көңіліндегі барын айтады.
- Ой, мен сені жібекке орап ақ жуып, арулап, шақырмаған ел қалдырмай, басыңа мыңдап қой, жүздеп жылқы шығарам, - деген үлкен баласы. Онан соң ортаншы баласына: «Сен мен өлгенде қалай қылып көмесің?» - деген шал.
- Ой, мен сені қадірлеп, басыңа осы малдың бәрін шығарам, атағыңды жер жүзіне өлген күні шығарып, ел шақырып, ас берем, үстіңе күмбезден мола салдырам, басыңа атыңды жаздырып көк тас қойғызам, - дейді ортаншы баласы. Онан соң «Өлгенде мені қалай қылып көмесің?» - деп сұраған кіші баласынан шал. Біраз ойға қалып отырыпты да: «Сенің өлуің біледі, менің көмуім біледі», - деген кіші баласы.
Көп кешікпей бір жылы мықты ашаршылық болып, ел жұтап, ашаршылықтан жұрт тегіс қырылған, сонда әлгі байдың тігерге тұяқ малы қалмай жұтаған. Екі үлкен баласы аштан өліп, бар мал-жанынан шал айырылып, жалғыз кенже баласы қалыпты. Бір күні шал ауырып қаза тапқан.
Кенже баласы үстіндегі шекпеніне орап, жер ошаққа көмуге-ақ шамасы келіпті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter