Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.03.2021
217
Григорий Николаевич Потанинге
Ардақты Қарт! Келдім бүгін тойыңа,
Бүктік тізе, еттік құрмет тойыңа.
Қалам тарттым, қазақ ұлы қарыздар,
Шатлық сыймай толқыған сол бойыма.
Жарық жұлдыз сенің тартқан бағытың,
Өлшеуі жоқ тәңірі берген бақытың.
Арманы жоқ, ардақты ата ақ жүрек,
Ханзаданың күндемессің тақытын.
Қара бұлт қаптап көкке мұнартып,
Зарықтырып жаумай енді құрғатып.
Ел бағына туған сонда ер едің,
Шашып нұрын Сібір халқын қуантып.
Қара дауыл жердің жүзін басқанда,
Қарындасың азаматтан қашқанда,
Біріктіріп бірге баққан сен едің,
Жол таба алмай адасып жұрт сасқанда.
Адамшылық ектің елге егінін,
Елің үшін шектің шифа кемейдің.
Бетің кайтып айнымадың ақ жолдан
Кейімедің жат бауырды, тел едің.
Саған жақын Сібірдің бар елдері,
Жат емес: тау мен тасы, көлдері,
Сені ұмытпас, мәңгі атын паш етер,
Мәдениет шашқан тұқым жерлері.
Үздік туған Сібірдің сен ұлысың,
Ғұмырыңша басқарған көп жұмысын.
Ұранды елмен теңестірдің іргесін,
Қайтіп сенің ұмыт болар бұл ісің?
Шыққан Сібір жаман атпен атағың,
Қараңғыда қалдың, озып қатарың.
«Ер тумаса, ел көркеймес» нақыл бар.
Жуды сені туып ұлың Потанин.
Ерте ояндың, ел намысын жоқтадың,
Жетті қарттық, түсті 80, тоқтадың.
Жақсылыққа бастап жастан баулыған,
Жас буынға енді даңғыл соқпағың.
Бізге салса, жалғыз 80 аз саған,
Тілер едік тағы 80 жас саған.
Табиғаттың болмай бөгет заңы егер,
Берер болса бұл тілекті жасаған.
Сұлу мінез ақ жүрекпен артық ең,
Қазақ атын шылбырдан сан тартып ең,
Біз ұмытсақ, өлмес айғақ тарих бар,
Атамыздай болған сабаз қартым ең.
Бүктік тізе, еттік құрмет тойыңа.
Қалам тарттым, қазақ ұлы қарыздар,
Шатлық сыймай толқыған сол бойыма.
Жарық жұлдыз сенің тартқан бағытың,
Өлшеуі жоқ тәңірі берген бақытың.
Арманы жоқ, ардақты ата ақ жүрек,
Ханзаданың күндемессің тақытын.
Қара бұлт қаптап көкке мұнартып,
Зарықтырып жаумай енді құрғатып.
Ел бағына туған сонда ер едің,
Шашып нұрын Сібір халқын қуантып.
Қара дауыл жердің жүзін басқанда,
Қарындасың азаматтан қашқанда,
Біріктіріп бірге баққан сен едің,
Жол таба алмай адасып жұрт сасқанда.
Адамшылық ектің елге егінін,
Елің үшін шектің шифа кемейдің.
Бетің кайтып айнымадың ақ жолдан
Кейімедің жат бауырды, тел едің.
Саған жақын Сібірдің бар елдері,
Жат емес: тау мен тасы, көлдері,
Сені ұмытпас, мәңгі атын паш етер,
Мәдениет шашқан тұқым жерлері.
Үздік туған Сібірдің сен ұлысың,
Ғұмырыңша басқарған көп жұмысын.
Ұранды елмен теңестірдің іргесін,
Қайтіп сенің ұмыт болар бұл ісің?
Шыққан Сібір жаман атпен атағың,
Қараңғыда қалдың, озып қатарың.
«Ер тумаса, ел көркеймес» нақыл бар.
Жуды сені туып ұлың Потанин.
Ерте ояндың, ел намысын жоқтадың,
Жетті қарттық, түсті 80, тоқтадың.
Жақсылыққа бастап жастан баулыған,
Жас буынға енді даңғыл соқпағың.
Бізге салса, жалғыз 80 аз саған,
Тілер едік тағы 80 жас саған.
Табиғаттың болмай бөгет заңы егер,
Берер болса бұл тілекті жасаған.
Сұлу мінез ақ жүрекпен артық ең,
Қазақ атын шылбырдан сан тартып ең,
Біз ұмытсақ, өлмес айғақ тарих бар,
Атамыздай болған сабаз қартым ең.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter