Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  3014


Автор: Саят Әбенов

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА✅

Бес күндік мынау жалғанда,
Жетсінші бәрі арманға.
Ақ көйлек кию бұйырсын,
Тілерім нәзік жандарға.

Сыйласын жары тәтті өмір,
Өтсе де бастан шақ небір.
Бұйырсын ата байсалды,
Бұйырсын ене ақ көңіл.

Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Жарық қып тұрар фәниді.
Атансын ана ол үлгілі,
Бұйырсын сүю сәбиді.

Құламай жүгі жиылсын,
Тағдыры қыздың- қиын сын.
Қазақтың әрбір қызына,
Осының бәрі бұйырсын!!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу