Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.03.2021
268
Үш досым
Менің адал достарым деп мақтайтын,
Мақтауыма лайық жəне сатпайтын.
Арман, Сабыр, Бақыт деген досым бар,
Үш досым сол сенімімді ақтайтын.
Қабыл алдым Тəңір берген сый деп мен,
Сол достарым күдігімді күйреткен.
Арман деген бала күнгі жан досым,
Бала күннен армандауды үйреткен.
Сол арманым талай ойға батырды,
Батырса да адам қылды ақылды.
Сабырменен есейгенде дос болдым,
Ол да мені сабырлыққа шақырды.
Керегі не маған өзге жақұттың,
Бəрі-бəрі еншісінде уақыттың.
Бақытпенен енді ғана достастым,
Адалдығын сезінген соң бақыттың.
Арман болмай сабыр болмас заманда,
Сабыр болмай бақыт қонбас адамға.
Менің осы үш досымдай адал дос,
Бұл өмірде жолықсыншы саған да.
Мақтауыма лайық жəне сатпайтын.
Арман, Сабыр, Бақыт деген досым бар,
Үш досым сол сенімімді ақтайтын.
Қабыл алдым Тəңір берген сый деп мен,
Сол достарым күдігімді күйреткен.
Арман деген бала күнгі жан досым,
Бала күннен армандауды үйреткен.
Сол арманым талай ойға батырды,
Батырса да адам қылды ақылды.
Сабырменен есейгенде дос болдым,
Ол да мені сабырлыққа шақырды.
Керегі не маған өзге жақұттың,
Бəрі-бəрі еншісінде уақыттың.
Бақытпенен енді ғана достастым,
Адалдығын сезінген соң бақыттың.
Арман болмай сабыр болмас заманда,
Сабыр болмай бақыт қонбас адамға.
Менің осы үш досымдай адал дос,
Бұл өмірде жолықсыншы саған да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter