Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.03.2021
383
Күзгі мұң
Күз келгенде кім қуанып шаттанар,
Жеткізетін жанға суық хат хабар.
Күздің мұңың көргің келсе əуелі,
Бақытынан айырылған баққа бар.
??????
Тал бойынан жапырақтар жауады,
Қоңыр күздің бар ма берер жауабы?
Адамдар да тал секілді бір күні,
Жер астында жалғыз өзі қалады.
??????
Ей, қоңыр күз,
Бақытымды ұрлама,
Өтінішім сенен сұрар бір ғана.
Сұлулықсыз табиғат та сүйкімсіз ,
Сұлулықсыз менің күнім мұң нала.
??????
Ей, қоңыр күз,
Саған рұқсат кім берді?
Үнсіз келіп сөгіттің-ау іргемді.
Гүлдің өзі адамдарды қимайды,
Күннің көзі қимағандай гүлдерді.
??????
Жапырақты жел ұшырып барады,
Ең соңғы рет кезсін мынау даланы.
Ешбір адам түсінбеген өмірде,
Менің жаным жапырақтай жаралы.
??????
Қош, қоңыр күз, үмітімді үздің бе,
Енді қанша күн кешеміз біз бірге?
Көктем келсе қуанбайтын жандарға,
Қуанышы бар да шығар күздің де.
Жеткізетін жанға суық хат хабар.
Күздің мұңың көргің келсе əуелі,
Бақытынан айырылған баққа бар.
??????
Тал бойынан жапырақтар жауады,
Қоңыр күздің бар ма берер жауабы?
Адамдар да тал секілді бір күні,
Жер астында жалғыз өзі қалады.
??????
Ей, қоңыр күз,
Бақытымды ұрлама,
Өтінішім сенен сұрар бір ғана.
Сұлулықсыз табиғат та сүйкімсіз ,
Сұлулықсыз менің күнім мұң нала.
??????
Ей, қоңыр күз,
Саған рұқсат кім берді?
Үнсіз келіп сөгіттің-ау іргемді.
Гүлдің өзі адамдарды қимайды,
Күннің көзі қимағандай гүлдерді.
??????
Жапырақты жел ұшырып барады,
Ең соңғы рет кезсін мынау даланы.
Ешбір адам түсінбеген өмірде,
Менің жаным жапырақтай жаралы.
??????
Қош, қоңыр күз, үмітімді үздің бе,
Енді қанша күн кешеміз біз бірге?
Көктем келсе қуанбайтын жандарға,
Қуанышы бар да шығар күздің де.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter