Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  193


Автор: Саят Әбенов

Қытайдан сақтан, ҚАЗАҒЫМ!

Жеріңді берсең таптайды ,
Қытайлар сонда қаптайды.
Құмырсқа жейтін ондай ұлт,
Құмырсқа құсап жатпайды...

Қаптаса таңың атпайды,
Бұл күндей күнің батпайды.
Айдаһар елі сол кезде,
От шашып отқа қақтайды.

Сақтансаң Құдай сақтайды,
Намысты ерлер сатпайды.
Ауызың ашқан Қытайдың,
Ауызын неге жаппайды?!

Ұлтыма төнген нақ қайғы,
Асым да ішкен батпайды.
Көбейсе қытай көрсетер,
Күшік те өспей қаппайды.

Сенімді кімдер ақтайды,
Жерімді кімдер мақтайды?
Құдайдан қуат алған ел,
Қытайдан шуақ таппайды!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу