Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.03.2021
342
Түсіме тау кіреді...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған.шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан Сал-күреңі.
Сөйлесуге, менімен сырласуға,
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға,
Енді жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір қыр басында.
Шақырады, отырып қыр басында.
Шыбындаған күреңі тұр қасында.
Тағы жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір шың басында.
Өліп-талып, оған да жетемін де,
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жәйімен,
Ер-тоқымсыз күреңі жетегінде...
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында,
Кеш те келді, айналды түн басуға.
Шың басынан түсе алмай әуреленем,
Бір минутым тең болып бір ғасырға...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді.
Түсінбеймін неғылған тағдыр едің?!
...Тауда жортқан тағыдай алғыр едім,
Алғырлығым қай жақта қалды менің?..
Тау жайлап, тау қыстаған.шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан Сал-күреңі.
Сөйлесуге, менімен сырласуға,
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға,
Енді жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір қыр басында.
Шақырады, отырып қыр басында.
Шыбындаған күреңі тұр қасында.
Тағы жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір шың басында.
Өліп-талып, оған да жетемін де,
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жәйімен,
Ер-тоқымсыз күреңі жетегінде...
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында,
Кеш те келді, айналды түн басуға.
Шың басынан түсе алмай әуреленем,
Бір минутым тең болып бір ғасырға...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді.
Түсінбеймін неғылған тағдыр едің?!
...Тауда жортқан тағыдай алғыр едім,
Алғырлығым қай жақта қалды менің?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter