Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.03.2021
227
ХV ғасырдан келген ақын немесе Жәркен жырау
Өлеңіңнен Рухқа нәр табатын
Алты алашқа әуелден тәнті-ақ атың.
XV ғасырдан керуен бастап,
Жақсы болды-ау келгенің, Жәркен ақын!
Замандардан жан беріп, жан алатын
Айта отыршы бабалар аманатын.
Қайта тіктеп жатырмыз көк түріктің
Қара қытай құлатқан қағанатын.
Арам ақша жасайтын амалды ойлар -
Қайдан білсін намысы надан байлар.
Қаптап келген қалмаққа қарсы шауып,
Қамал бұзып өтпеп пе Қабанбайлар!..
Өсіп-енген бүгінгі өркенді қау -
Ұлдары өрттей, қыздары көркем гүл-ау!
Ақындары жыртылып айрылады,
Жыр бағында жалғыз ғой Жәркен жырау.
Еркіндікпен қам-қайғым болмас тамам,
Ерлік сазың сапарда жолдас маған.
Шалкиізше шалқыған шайырым сен,
Ақтамбердіге де ұқсатам қол бастаған!
Садақ тартып мергендер жай тасынан,
Самсаған жау қанынан сай тасыған...
Аман-есен шықтың ба, Жәркен жырау,
Аңыраған Аңырақай шайқасынан?!
Басқыншыға орнаткан ақырзаман
Батырлардың аруағын шақырмаған -
Тебінгіден суырып ала балта,
Тендік сұрап артынан ақырмаған
Жырдың құны көк тиын бақыр маған!
Аласапыран сүренді астан-кестен
Ақын едің жүректен, бастан кешкен.
Толғау-толғау шеріңді толғаулардан
Арқаға аруақ бітірер дастан жеткен!
Қарауылкелдіде қар кешіп жалаң аяқ,
Қарауыл төбе басында сәл аялдап,
Сәлем беріп Абайға, Шәкәрімге,
Дағдардың ба дамылсыз «даламайлап»?!
Қара көзден мөлдіреп қан таматын
Қаратауға бөлек қой мархабатың.
Жырау Жәркен жеттің бе жырға мініп,
Сырды кешіп өттің бе, Жәркен ақын?!
Жуастығын қасиет тұтар мынау
Жусанды өлкең, гүл қалаң, жұпарлы бау.
Абылай ханға орыспен жауласпа деп
Айтып па екен өсиет Бұқар жырау?
Жеммен алдап түсіріп ауға балық,
Батыр басы, хан басы саудаланып,
Ел бағудың орнына есік бағып,
Құла дүзде мал бағып, қауға бағып,
Бодандықта үш жүз жыл бордай езді
Аузы түкті сол кәпір жаулап алып!
Азап-сорын қазір де шегуліміз
Тіліміз бен дініміз дауда қалып...
Керуен көшкен ғасырлар белесінде
Керегіме жоқшы боп келесің бе?
Бостандықтың кесілген басын жоқтап,
Боздап төккен жырың да ел есінде!
Бағландарым басынан бағы көшкен
Шығармапсың зобалаң шағын естен...
Қуандырмай қоя ма қуатты жыр
Жойқын-жойқын жорықтар дабылы ескен
Қилы кезең болды ғой, болды зорлық,
Кеңес кетті бай-жуан зорды қор ғып...
Жоңғар асып жеттің бе Сарыарқаңа,
Ортқып қашқан қояндай орғып-орғып?!
Туған жер деп жүректі тулаттың-ау,
Топырағына ал аунап-қунап мынау.
Мұратына жете алмай зарлап өтті
Мұрат жырау, Шортанбай, Дулат жырау...
Өсіп-өнген бүгінгі өркенді қау -
Ұлдары өрттей, қыздары көркем гүл-ау...
Ақындары жыртылып айрылады,
Жыр бағында жалғыз ғой Жәркен жырау.
Алты алашқа әуелден тәнті-ақ атың.
XV ғасырдан керуен бастап,
Жақсы болды-ау келгенің, Жәркен ақын!
Замандардан жан беріп, жан алатын
Айта отыршы бабалар аманатын.
Қайта тіктеп жатырмыз көк түріктің
Қара қытай құлатқан қағанатын.
Арам ақша жасайтын амалды ойлар -
Қайдан білсін намысы надан байлар.
Қаптап келген қалмаққа қарсы шауып,
Қамал бұзып өтпеп пе Қабанбайлар!..
Өсіп-енген бүгінгі өркенді қау -
Ұлдары өрттей, қыздары көркем гүл-ау!
Ақындары жыртылып айрылады,
Жыр бағында жалғыз ғой Жәркен жырау.
Еркіндікпен қам-қайғым болмас тамам,
Ерлік сазың сапарда жолдас маған.
Шалкиізше шалқыған шайырым сен,
Ақтамбердіге де ұқсатам қол бастаған!
Садақ тартып мергендер жай тасынан,
Самсаған жау қанынан сай тасыған...
Аман-есен шықтың ба, Жәркен жырау,
Аңыраған Аңырақай шайқасынан?!
Басқыншыға орнаткан ақырзаман
Батырлардың аруағын шақырмаған -
Тебінгіден суырып ала балта,
Тендік сұрап артынан ақырмаған
Жырдың құны көк тиын бақыр маған!
Аласапыран сүренді астан-кестен
Ақын едің жүректен, бастан кешкен.
Толғау-толғау шеріңді толғаулардан
Арқаға аруақ бітірер дастан жеткен!
Қарауылкелдіде қар кешіп жалаң аяқ,
Қарауыл төбе басында сәл аялдап,
Сәлем беріп Абайға, Шәкәрімге,
Дағдардың ба дамылсыз «даламайлап»?!
Қара көзден мөлдіреп қан таматын
Қаратауға бөлек қой мархабатың.
Жырау Жәркен жеттің бе жырға мініп,
Сырды кешіп өттің бе, Жәркен ақын?!
Жуастығын қасиет тұтар мынау
Жусанды өлкең, гүл қалаң, жұпарлы бау.
Абылай ханға орыспен жауласпа деп
Айтып па екен өсиет Бұқар жырау?
Жеммен алдап түсіріп ауға балық,
Батыр басы, хан басы саудаланып,
Ел бағудың орнына есік бағып,
Құла дүзде мал бағып, қауға бағып,
Бодандықта үш жүз жыл бордай езді
Аузы түкті сол кәпір жаулап алып!
Азап-сорын қазір де шегуліміз
Тіліміз бен дініміз дауда қалып...
Керуен көшкен ғасырлар белесінде
Керегіме жоқшы боп келесің бе?
Бостандықтың кесілген басын жоқтап,
Боздап төккен жырың да ел есінде!
Бағландарым басынан бағы көшкен
Шығармапсың зобалаң шағын естен...
Қуандырмай қоя ма қуатты жыр
Жойқын-жойқын жорықтар дабылы ескен
Қилы кезең болды ғой, болды зорлық,
Кеңес кетті бай-жуан зорды қор ғып...
Жоңғар асып жеттің бе Сарыарқаңа,
Ортқып қашқан қояндай орғып-орғып?!
Туған жер деп жүректі тулаттың-ау,
Топырағына ал аунап-қунап мынау.
Мұратына жете алмай зарлап өтті
Мұрат жырау, Шортанбай, Дулат жырау...
Өсіп-өнген бүгінгі өркенді қау -
Ұлдары өрттей, қыздары көркем гүл-ау...
Ақындары жыртылып айрылады,
Жыр бағында жалғыз ғой Жәркен жырау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter