Өлеңдер ✍️

  27.03.2021
  16774


Автор: Мұқағали Мақатаев

Анашым

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айжан
Айжан 20.02.2025 17:02
Маган Анашым деген унады
18.02.2025 22:34
Өте кең мағыналы
Айғаным
Айғаным 05.02.2025 20:02
Өте әдемі болыпты
Өте күшті екен
Өте күшті екен 03.02.2025 21:37
Анашым мен сізді жақсы корем
Әйгерім
Әйгерім 22.01.2025 11:20
Айтар сөзім жоқ , өте күшті екен
13.01.2025 22:47
Өте. Керемет маған ұнады
Заңғар
Заңғар 12.01.2025 11:10
Өте күшті екен
Айару
Айару 17.11.2024 12:02
Маған қатты ұнады анашым мен сізді жақсы көремін??
Айша
Айша 11.11.2024 20:35
Маған ұнады арыз жазып кетейін деген өлеңде ұнайды!
Айару
Айару 22.10.2024 20:56
Маган оте катты унады
Нұрай
Нұрай 08.10.2024 23:01
Керемет
Айзере
Айзере 19.09.2024 18:33
Дәл осы өлен өте қатты ұнайды
маржан
маржан 11.09.2024 21:49
білмеймін
Айбота
Айбота 23.08.2024 21:41
өте күшті екен
23.08.2024 21:40
маған өлең қатты ұнады

Пікір жазу