22.03.2021
  422


Автор: Мұқағали Мақатаев

Түс

Таң. сағ. 6.00

3-4-ноябрь 52-жыл.

..."Қойшының баласына біткен мінездері бар". Қателесесіз, дүниедегі адамның қоры қойшы деп ойлаймысыз?!

Мен мұны ұмытпаймын. Өңімде, өмірде айтпағаныңмен, түсімде айтып үлгердің. Рахмет.

Мүмкін, жуық арада өңімде де естірмін. Әрине, бұлай деуің заңды да.

Баяғы менің тозған үйім. Оның еденінің дымқылдығы сонша: тіпті қарт айтқандай, капуста егуге де болады.

...Анам, Анам! Жеті қат жер астында жатсаң да біліп отырсың-ау! Кешір, ана, өмірде керген жақсылық пен жамандығым ойымнан ұмыт болғанымен, дән теріп тамақтандырған сен ойымнан қалай ұмыт боларсың?

Апатайым, неткен айбынды, зор едің! Алқабынан алтынын ақтарып алып жатқан асқар тау де сенімен теңдесе алмайды! Сен әрқашан биіксің, зорсың! Олай болуға хақың да бар.

...Нақам – ақ, көңілім, асылым – Анам. Адамға деген жақындық, адалдық сенің осы бір ұсқынсыз тұлғаң мен бейнеңнің қай жерінде екен, ә!

...Тәтем! Тәте-ай, мүмкін, өмір соққысын көбірек көргеннен болар, жасқаншақтық, жағымпаздық неге сенен кетпейді? Неге тура айтпайсың?

...Тоқаным – бауырым. Біздің шыққан арнамыз лайланып тасталған, шамаң келсе, осыдан құтылуға тырыс!

Сол бір үйде оқшау тұрған көшеден,

Жылай-сықтай күнелткемін кеше мен...

* * *

Айлар өтті...

Болды, міне, жыл жарым.

Жас сәбидей қуантасың, алдайсың,

Білмейсің бе бір жасырын сыр барын?

1952-жыл.

Ноябрь.

* * *

...Өткен жылы (1952-ж. 31-март) дәл бүгінгі күні мен туған жерімде едім...

Әлі есімде, ауылдан оқшау, қара судың бойында жатқан, төңірегін қалың ши басқан туыстарымның қабірінің басында болып едім. Менімен бірге Сыдық, Тоқталы болған-ды.

20-сында ма болмаса 25-інде ме, есімде жоқ, қайтыс болған кәрі анамның денесін жасырған топырақтың бетін әлі күн құрғатып та үлгермепті. Үшеуіміз аттан түсіп, қабірден иіскеп топырақ алып тастадық.

Су бойында өскен жас шыбықтар әлі көктеп үлгермепті. Сонда да болса менің ойымда бір тал жас шыбық қиып әкеліп, қабірдің басына шаншып қойсам ба деген сезім туды. Бірақ өзімде де, жолдастарымда да пышақ болмады.

Әрине, шаншып қойған күнде де одан қандай нәтиже шығар еді. Бұл тек қолдан түк келмегеннің ісі еді...

Міне, он сегіз жыл тәрбиелеген анаммен мен осылай қоштасқамын.

...Сол күнгі (31-март, 52-ж.) Сыдықтың айтқаны әлі есімде: "Әй, момын бауырым-ай, анау қудың (Лашынның) қалжыңын шын көріп: "Бүгін бармай-ақ қойшы!" – деп жалынды-ау... Ертең қайсы күн дегенімде барып түсінді.

Шынында, ол алғаш айта бастағанда, менің де жүрегім тітіреп барып, артынан түсіндім...

Кім білсін, менің сол барысым көп нәрселердің бетін бүркеп те кеткен болар...

Мен Шибұтқа жеткенде, бірінші Әбдіке қарсы алды.

...Ту, қандай күлкілі. Екеуміздің көріскеніміздің аты не?

Жұлдыз! Егер анаңның адалдығы рас болса, сенің фундаментің 1952-жылы, 31-март күні түнде жасалды.

Балапаным, мүмкін, менің бұл айтқаным саған ұят та болар, бірақ арсыз әкең өмірдің насекомын жыйнауға құмар-ақ...

Мұқаметқали Мақатаев.

31-март 1953-жыл.

Алматы.

1972-жыл. Есеп.

5-февральдан 28-ноябрьге дейін N1, N2, N3, N4- дәптерлер жазылды.

"Аққулар ұйықтағанда", "Қырандар, хош болыңдар" 31-сентябрьден 9-октябрьге дейін жазылған екен.

N1-дәптер – 5/ІІ-15/ІІ-72-Ж.

N2-дәптер – 16/ІІ-4/ІІІ-72-Ж.

N3-дәптер – 14/ІХ-7/ХІ-72-Ж.

N4-дәптер – 9/ХІ-28/ХІ-72-Ж.

Так держать!

М. Макатаев.

Айналасы бір жетіде "Аққулар ұйықтағанда", "Қырандар, хош болыңдар" жазылды.

Газеттердің тапсырмасын былай қойғанда...

1972-жыл 9-ноябрьден 28-ноябрьге дейін цикл өлеңдер жазылды.

1972-ж. жазы сауықпен өтті.

* * *

27-март 1972-жыл.

Шын талантты ақын берерін бергеннен кейін, сыйымен өле білгені де жақсы. Алайда таңдамалыларының толық жинағына өзі редактор болғанның да зияны жоқ...

30-март.

"ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ БІР ЖЫЛЫ" (баяндама, ойлар).

"Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиісті"...

Дүниеге жаңа келгендеймін. Ой-санам, жүріс-тұрыс, мінезімде сұмдық өзгеріс бар. Сәл кештеу оянған жоқ па?.. Әлде дер шағы ма екен?!

2-апрелъ 1972-жыл.

"В жизни не знаю, в поэзии не врать!!!" (Өмірде білмеймін, өлеңде өтірік айтпау керек).

Бүгін (дәл қазір, 2-апрель, түнгі он екілерде) тырналар ұшып өтті. Столға отырғаным сол еді, тырнаның даусын естідім. Біздің жаққа қарай ұшып кетті. "Ақ тырналар аспанға сына қағып..." ұшып кетті...

Пушкин мен Абайға айналып соға берем, соға берем. Апырмай, Пушкин-ай, соншаның бәрін қашан жазып үлгерді екен.

17-апрель 1972-жыл.

"Қазақ жырының бір жылы" – баяндама өтті (12- апрель, 1972-жыл), түсінді ме, жоқ па?! "Поэзия туралы ойлар" – болашақтың шаруасы.

21-апрель 1972-жыл.

Не көрінді?! Не жетпейді?! Сволочи!!!

22-февраль 1973-жыл.

...Адамдардың арасында болған алауыздық мені де шарпымай өткен жоқ. "Жұлдыздың" делосын өткізіп беріп, поэзиямды өзім алып қалдым... Әзірге немен тынары белгісіз, барым менің, балам менің, жарым, жақсылығым менің – поэзиям, тек сені сақтап қалсам екен. Сені де өлтіргісі келе ме, қалай?! Олай бола қоймас, егер бола қалса, қалған өмірдің қызығы не маған. Ойлап отырсам, менде бір арман бар екен. Ол – қалайда халқыма жағыну, ұнау соған. Тек соған ғана жасырмай шынымды айтсам деп едім. Халқым, үнімді қалай жеткізем саған?.. Айналам тарылып, құрсауланып барады. Жағдай қиын, өте қиын...

Келесі жылы жаңа жинағым жарық көре ме, жоқ па?

– Ей, қалам ұстаған, қаламдас бауыр-қарындастарым, Халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерің қараң! Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер!

5-март 1973-жыл.

Газеттердің тапсырмасын қоспағанда, 3-марттан Н. заставасынан басталды... Бітті.

2-март 1973-жыл.

Белгісіз бір дүлей күш қол-аяғымды матап, тіптең ойыма да құрсау салып тастаған сияқты. Не ойлап, не жазарымды білмеймін. Белгісіз біреудің көңілін тауып, ойынан шықпақ болам. Ол не, кім? Білмеймін...

Күн көріс қиындап барады. Балаларымның тағдырынан қорқам.

6-март 1973-жыл.

...Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол тек – поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл!

7-март 1973-жыл.

Мәскеуден хат келді. Білмеймін...

9-март 1973-жыл.

Шолпаным айта жүретін, Шолпанымның ұрпағы айта жүретін өлең-ертегі жазып көрейінші...

17-март.

Өткен аптада Мүсіреповте (үйіңде) болдым. Бұл адаммен жақын келіп сұхбаттасқаным осы. Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екі сағаттай әңгімелестік. Мен Ғабеңді бойындағы дарынның барын беріп болған адам деп айта алмаймын. Ал бойында жасырынып жатқан жанар тауы бар екеніне күмәнім жоқ. Уақыт-ай!.. Әдебиет, жалпы искусство жөнінде болар-болмас шолу жасап, пікірлестік. Қарт әріден ойлайды. Қазіргі қазақ поэзиясы қатты толғандырып жүрген көрінеді. Бірдеме десем бе дейді.

"Аққулар ұйықтағандаға" тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды. мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады (алтын қалам).

Қарт қартайған екен. Бүкіл үйде жалғыз өзі отырғаны қатты әсер етті маған... кабинет! жұпыны, жазу столы тіпті жұпыны, басы артық дүниелер, әлеміш-жәлеміштер жоқ. Ұзынды-қысқалы, бір түстес, үшкір ұшталған қара қарындаштар. Тілдей параққа арапша жазып тастапты, жаңадан жазылған, сірә. Қорапқа салған екі мылтығы тұр. Кіреберісте саятшының сауыт-саймандары... Ретін тауып, өзімен ұзағырақ сөйлесер ме еді, біраз бірге болып, достасар ма еді. Тәңірім-ай, бұлар деген аяғын үзеңгіге салып тұрған адамдар ғой...

(Абай, Жамбыл өмірбаяны...)

Енді өзім туралы. Жыр түсінер қауым өлеңдерің жақсы дейді, әр тұстан қолпаштаған хаттар да алып жүрмін, бірақ сенуім қиын. Жаман жыр жазу қиынға түсіп барады. Жақсы жыр басылмаса, жарық көрмесе, қайтем?! Білмеймін... Тәңірім әзірге шешемді тірі қоя тұрса екен. Өстіп, тұралап жүрген кезімде қисая қалса, ел-жұртқа масқара болам ба деп қорқам...

20-март.

Құрбы-құрдас, замандастар мен туралы көп-көп қауесет таратады. Біріне бірі айтады, "өзімсініп" өзіме де айтып қалады. Көбісін бояп, бірінен бірі жаңартып айтады, ал мен олардың қай қырымнан қасығысы келіп тұрғанын түсінбейді ғой дейсің бе?.. Түсінем. Бекер обалдары не керек, бәрінің сыйлайтынын да білем. Білем де қоям, қарсы болмаймын, айта берсін, арамдық ойласа, өздерінің басынан артылмасын. Тек менің жұртқа зиянсыз екендігімді түсіне ме, жоқ па?!

Мен үшін дүниенің ең қорлығы – адамның айыбын бетіне басу, оның нашарлығын дәлелдеу. Бұл. – бір. Екінші – болмайды, жарамайды, жоқ деп айта алмайтыным. Қорлықты осыдан тартып жүрмін. Көңілшектік – менің осал жерім. Сірә, сүріне беретінім де осыдан болар.

Уақыт өз рөлімді маған да бөліп берген, соны дұрыстап ойнап шығу жолында мен де тырбанып бағам, әрине. Демек, мінездегі жасандылық (артистік) маған да бөтен емес-ау...

23-март.

Ұмытшақтық пайда бола бастады, әсіресе... Бәрі де тұйыққа тіреліп тұрғандай. Жылжыған бір іс жоқ әзірге. Еш нәрсеге зауқым шаппайды. Қалам ұстағым да келмейді. Бір зілзала бойымды басып барады, немен тынары белгісіз.

Балаларым ғой... Олар болмаса, өкінішсіз-ақ өлуге болар еді.

9-апрель 1973-жыл.

Адам өмірінің бақытты – балалық шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені...

21-апрелъ 1973-жыл.

18-апрельде Сәбит Мұқанов қайтыс болды. Ертең (22-сі) жерленбекші. Егер бұрынғылардың айтқаны рас болса, енді екінші, нағыз шып өмірі басталатын адам осы Сәбең болуға тиісті.

Жұрт не ойласа да өзі білсін, менің ойымша, Сәбит – үлкен дүние. Өзі – Өмір. Хатты жаңа тани бастаған қазақтың қалаулы ұлдарының ішіндегі ең ірісі осы адам болуға тиісті.

Өзі өсірген өмірі мен заманы тұрғанда, Сәбеңді ұрпақтар ұмытпақ емес! Бұл – қазақтың Бальзагі (Жетпіс жылдығында солай деп ем...)

Құрметті адам өлгенде де құрметті! Хош, кәрия! Топырағың торқа болсын!..

* * *

Жарығым! Жарық дүнием сен ғанасың... Егер сен болмасаң, қазір-ақ, қазір-ақ, қазір-ақ!..

...Бүгін таңертең балконға шығып едім, мұрныма ауылдың көктемінің иісі келді. Сонау "Айқайтастан" соққан жайлаудың самалының иісі келді.

Сонау соғыс жылдары шешем екеуміз, әжем де бар, қой айдап жайлауға алғаш көшіп барған балауса, балғын шақ (есіме түсті. Әлі мал аяғы таптамаған Шалкөденің жап-жасыл жазығы тұрды көз алдымда. Сол кезді, сол табиғатты бірінші рет маған көрсеткеніңе құлдық, тәңірім!

Сұлу сүйіп, сауық құрмай барам. Мейлі, өкінбеймін. Туған жерімнің тұнып тұрған қылшығына қылаң түспеген сұлулығын алдымен мен сүйгем! Соның бәрінің қызығы менде, менімен өзіммен бірге кетеді. Ол аймақ баяғыдай, менің балауса шағымдай сұлу емес қазір. Жоқ, сұлу емес. Ол да бөлек қазір, мен де бөлек. Екеуі де өлген. Тек менің кеудем мен миымда ғана. Менімен бірге өледі...

* * *

23-апрель.

Кеше (22-апрель) Алматы Сәбит Мұқановты ақырғы сапарына аттандырып, қоштасты. Түнеріп келіп, нөсерлете жаумай, анда-санда бүркіп қана тұрған күннің райы, ыстық та емес, салқын да емес, қоңыржай, шыбынсыз көктем, ағылған жұрт нөпірі, өзіне оңаша бөлінген Көктөбенің баурайы – бәрі де символично. Халық өз ұлынан ештеңесін де аяған жоқ, ақ ниеттерімен ақырғы рет қоштасты. Сірә, өз халқының мұншама ықыласына бөлену – енді кімдерге қиындау болар...

Өзбектен келген жазушы (Сафаров) өз тілінде жақсы сөйледі. Ғабең (Мүсірепов) толқып сөйледі, қорқып сөйледі. Құдай-ау, анау "Экспресс", Пикассосы құрғырларда несі бар еді... Керегі не еді сол жерде?!

Сонымен, Сәбеңнің екінші өмірінің бірінші күні басталды. О, оның ұзақ өмірі енді басталды. Сәбеңде арман жоқ! Өз өмірінің шежіресін жазып үлгірді ол. Ал оның өмірі – дәуірдің өзі.

Айтса да, данышпан Мұхтар жатқан жерге жерленбей, қыр басына, мұсылмандардың қасына жерленді. Бұл да символично!

Жыртақтаған жігіттерді жек көріп кеткенім-ай! Қарғадай бастарынан бақастықты, тақастықты, пәскене-қоқыстықты қайдан үйренеді осылар?! Бұл жақсылық емес. Жастық жақсылыққа ғана ұмтылмайтын ба еді?..

І5-ноябрь 1973-жыл.

Сонымен, хош бол, Москва!..

Менің үйіме лаң кірді. Немен тынары белгісіз. Бәрін де бүлдірді Айбар. Шын уайым, шын қайғы осылай болады екен-ау.

18-ноябрь.

Айбар осыншама оңбағандыққа барып, осыншама сарсаңға салады деген үш ұйықтасам түсіме кірмейтін. Байғұс балам-ай, қисайта салса, құрдымға кетейін деп тұрғаны есіне кіріп те шықпайды. Балалығы дейін десем, қулық-сұмдық өмірлік мәселелердің бәрін де түсінеді, бәріне де жетік сияқты. Ұстаздары, сөз жоқ, баламды түсінбейді. Оларды Айбар, Айбарды олар түсінбеушіліктің ақыры осыған әкеп соқты. Ақырының немен тынары белгісіз. Соры қайнап, өмірі сорлылықпен өте ме, қайдам?!

Екеуміз бір-бірімізді түсінеміз. Сол түсінігі түйсігін қазір оятса ғой, кейін кеш боп кетеді. Мұны енді не істеймін, нендей айласын табам?!

* * *

21-ноябрь 1973-жыл.

"Сызат алды дегенше, сына берді десеңші". Тәңірің түбін берсін, біздің семьяға сызат түсті, оны әкелген – менің кіші ұлым Айбар. Біз де, әрине, кінәліміз ғой. Ақымақтың айтқанын орындап, тым шолжаңдатып жібердік. Меніңше бізден де гөрі екі есе кінәлі мектебі, мұғалімдері. Балам сол мектепке барғаннан қуғын-сүргінге ұшырады. Отырса опақ тұрса сопақ, деп, жолдастарына, бүкіл мектепке Айбарды жеккөрінішті етті.

Саумалдап тәрбиелеудің орнына, он екіде бір гүлі ашылмаған баланы үсті-үстіне жазаның астына алды. Ақыры бала ашынды, ашынды дағы, тіптен бағынуды қойды. Ақыры осыған әкеп соқты. Амалым таусылып, Айбарымды ол мектептен құтқардым. Енді қайтем, қайда жіберем, білмеймін... Нағашылары қабылдай ма, жоқ па?! Қабылдар еді-ау, Айбар үйреніп қалған әдетінен арыла ма, жоқ па?! Қалайда Айбарды қалада ұстап болатын емес. Кеше тергеуде болып қайттым. Жұмаға жымысқы іс қалған жолдасымен беттестіреді, не болары белгісіз. Тәлкекке салған тағдыр- ай!..

* * *

24-ноябрь 1973-жыл.

Кеше Айбар түрмедегі досымен беттесті. Бала ақылды Пала екен, Айбарды сатпады. Бәрін де өз мойнына алуға даяр. Айбар да өзі қатысқан қылмысын жасырмай мойындады. Сонымен, тергеудің алдындағы іс тыныштықпен анықталған тәрізді. Айбар бұрынғы мектебіне оралғысы жоқ әбден мезі болған.

Қайда, кімге барып орналасады, әзірге белгісіз...

27-ноябрь 1973-жыл.

Айбардың ісі аяқталған жоқ. Заңшылар исполком жанындағы комиссияға тапсырамыз дегенді шығарып отыр. Олары не демекші?! Аларын алып, айыбын тағып, баламды қолыма берсе екен. Айбарды ауылға аттандырсам ба деген ем, одан да түк шықпады. Ісі аяқталғанша осында болуы шарт екен. Баламды үгіттеп, бүгін мектебіне жібердім, не деп, қалай қарсы алып жатыр екен жыланкөз апасы.

* * *

7-декабрь 1973-жыл.

Жұмыссыз жүргеніме жаңа жылда бір жыл толады. Қайтіп, қалай жан бағып жүргеніме таңданам. Айбардың ісі аяқталған жоқ. Соның салдарынан басқа да жағдайлар бар, мен қазір мырза қамаудамын.

18-декабръ 1973-жыл.

Балам (Айбар) оңалып кетсе, әзірге бақыт маған сол. Кеше Совет ауданының исполкомында ісі қаралып, бір жылдық шарт пен 30 сом штраф салып, мектебінде қалдырды. Шешесі барды, менің арызым қатысты.

Ақымақ директор (қатын), оның итаршылары шабуыл жасап бағыпты. Қарғадай бала несін алды екен оның.

Мендегі шаруасы не еді наданның?!

* * *

Үнемі Москвада тұрып, сонда тірлік еткендей, Москва неге ой-түсімнен шықпайды?

Алматыға, адамдарға деген біртүрлі жатырқау бар. Как ни твори, Москва – есть Москва, там все проще. Там можно кое-чему научиться и можно добиться кое-чего (Қалай дегенмен Москваның аты Москва, онда бәрі оңайырақ. Ол жерде бір нәрсені үйренуге, әлденеге қол жеткізуге болады. Бастан өткен аяулы бір дәурен сияқты. Бір нәрседен арманда қалған, сол жерде бір асылымды ұмыт қалдырғандаймын... Өмір болса, тұра тұрсын, досты сол халықтың арасынан іздеу керек екен.

19-декабрь 1973-жыл.

Әзілдегенсіп, жаны ашып, жақын тартқансып, ақыл айтқансып, арыңа тікенектей қадалатын әріптестерден түңіле де, құтыла да алмай-ақ қойдым. Байқағаным – менің ардың-күрдің, қызынып, қылғытып жүретінімді қалайды екен бұлар. Сау жүрсем, сақтана бастайды. Әсіресе – X... Ой, зұлым-ай! Неғылған іші тар ит еді?! Аңдып-ақ жүргені, сәл адаса қалсаң, аяйтын түрі жоқ. Оңашада сырласқан болады да, екі адамның басы қосылса, көзімді бақырайтып қойып, әзілдегенсіп, білдірмей жамандай бастайды. Бассыз-ай, мен соны түсінбейді деп ойлайды-ау, шамасы. Әй, екі аяқты есек-ай, мен сенің қазаныңа қол сұқпаймын ғой, несіне сонша зұлымданасың?!

* * *

Бұл күні менің қатын-баламнан басқа жақының қалмаған сияқты. Күні-түні келгенде, олардан да шошқа мінез көрем... Мүлде бір жат ортаға душар болған жандаймын. Ешкімге залал істемеп едім ғой, неге бәрі сырт тебеді?!

24-декабрь 1973-жыл.

Бұл жыл да өтті. Жырмен басталған жыл жырмен аяқталды. Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер – мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім?! Ақынның өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшін өмір сүрем, сол үшін күресем. Күресем?! Кіммен, немен күресем? Өзіммен өзім бе?!

Соңғы сөзді айтып өлу керек қой... Қандай сәби едім. О, Тәңірім! Түйсік бере көр, түсінік бере гөр!..

* * *

(Осыдан кейін бірнеше парақ жыртылған. – Сарашы).

* * *

1-январь 1974-жыл.

Вот оно что собственное достоинство! А я, глупец, не только не оберегал его, а вовсе не знал. Старался быть простым, оказался простаком. Не только мои "Друзья", даже собственная моя семья, дети сумеют обвести меня вокруг пальцев. О, какое Вы чудовищное существо, Человечье! Нельзя, храни свое достоинство! Береги имя поэта, ибо ты истинный поэт, будь достоин тому! Будь простым, как сама природа, но и будь непреклонным, как она. Ты отличаешься от современников. Чем, не скажу... Так, будь же гордым! Выше голову, брат!..

(Жеке оз басыңның қадір-қасиеті деген осы екен-ау! Ал мен ақымақ оны қорғамақ тұрмақ, тіпті білмеппін де. Қарапайым болғым келді, алайда ашық ауыз екем, тек менің "достарым" ғана емес, тіпті өз отбасым, балаларым да мені жер соқтырып кетеді. О, сен қандай қорқынышты нәрсесің, Адамзат! Болмайды, өз қадір-қасиетіңді қорға! Ақын атынды сақта, нағыз ақынмын десең, соған лайықты бол! Табиғаттың өзіндей қарапайым бол бірақ, ол сияқты қайсар да бол. Сен өз замандастарыңнан өзгешесің. Неңмен екенін айтпаймын... ендеше, өр болсаңшы! Басыңды көтер, бауырым!..)

* * *

В 12.00 встречали Новый год. Тихо. Мирно. Скучновато. Я, собственно, не веселился. На этот раз что-то не получилось. О, Мир, скучай. Я скучаю. К чему все это?! Ради гордости! Ради своей самооценки!

(12.00-де Жаңа жылды қарсы алдық. Тыныш. Бейбіт. Зерігіңкілеу. Мен өз басым көңілденгенім жоқ. Бұл жолы бірдеңенің қиюы келмеді. О, дүние, зарық! Мен зарыққан халдемін. Мұның бәрі не үшін?! Мақтаныш үшін! Өзіңді бағалау үшін!)

* * *

3 января 1974 г.

В своем творчестве где слаб, где силен, я прекрасно понимаю сам. Где я слаб – не моя вина, а где силен – это не заслуга среды, в которой я жил. Не заслуга времени, при котором я находился в вечном опасении, вечно контролируя сам себя.

Нынче трудно быть поэтом...

(Өз шығармашылығымда қай жерде әлсіз, қай жерде күшті екендігімді өзім жақсы білем. Әлсіз жерім менің кінәм емес, ал күшті жерім – мен өмір сүріп отырған ортаның еңбегі емес. Үнемі өзімді өзіме қадағалатып, мәңгі мені қауіптендірумен келе жатқан уақыттың да еңбегі емес.

Қазір ақын болу қиын...)

* * *

11-январъ 1974-жыл.

Судьба поэта, его последние часы меня куда более волнует, чем судьба ее мятежной страны. Интересно, о чем он думал перед смертью?! Наверное, он в мыслях сказал "Чили, радуга моя!" Иди же что-то в этом роде. Да, все проходят через сердца поэта.

(Оның тынышсыз елінің тағдырынан гөрі, ақынның оз тағдыры, өмірінің соңғы сағаттары мені көбірек толқытады. Өлер алдында не туралы ойлады екен, шіркін?! Бәлкім, іштей: "Чили, шуағым менің!" – деген шығар. Немесе соған жақын бір сөз айтсаң болар. Иә, бәрі де ақынның жүрегі арқылы өтеді).

* * *

27 января 1974 г.

Будь ты проклята моя поэтическая судьба! Будь ты трижды проклята среда, окружающая меня! Среда, которой душой и сердцем я отдался, поверил, надеялся на лучшее. Коротаю свои униженные дни, дни которые мне ничего не принесли, кроме горечи да страданий. Теперь-то я понял, что нет человека на свете несчастнее меня. Не знаю, чем все это кончится. Одно мое желание – успеть воспевать свою лебединую песню. Не уж-то, я действительно хотел умереть добровольно?! Нет, чуть-чуть подождем, посмотрим что будет дальше...

(Ақындық тағдырым, қарғыс атсын сені. Мені қоршаған орта, үш мәрте қарғыс атсын сені! Мен жаныммен, жүрегіммен берілген, сенген, жақсыдан үміттенген ортам. Өзімді төмендеткен, маған қайғы мен қиналыстан өзге ештеңе әкелмеген күндерді бастан өткерудемін. Жер бетінде менен өткен бақытсыз адам жоқ екендігіне енді ғана көзім жетті. Мұның бәрі немен бітетінін білмеймін. Менің бір ғана тілегім – өзімнің ақтық өлеңімді айтып үлгеру. Мен шындығында өз еркіммен өле қояйын деп отырмын ба?! Жоқ, сәл-пәл күте тұрайын, ары қарай не боларын көрерміз...)

Сегодня, 27 января 1974 г. написана поэма под названием "Чили, свет мой!", за один присест, без перерыва, без единой помарки, с 10 утра до 12 ночи. Попробуйте-ка, сразиться со мной...

(Бүгін, 1974-жылғы 27-январьда, бір отырғанда, үзіліссіз, бірде-бір түзетусіз, таңертеңгі 10-нан түнгі 12-ге дейін "Чили – шуағым менің!" атты поэма жазылды. Менімен сайысып көріңдер кәне...)

М. Макатаев.

* * *

10-февраль.

Газеттерге ұсынғандардан әзірге хабар-ошар жоқ. Жарыққа шығара ма, жоқ па, білмеймін. Үлкен бір жиында, үлкен бір мемлекет адамының алдында аруақ атқыр ахаңның арқасында үлкен бір ұят іс істеппін. Ол адам бәлен де демес-ау, бірақ көлеңкесінен қорқатын замандастар маған абайлап, сақтанып қарауы мүмкін ғой...

Жаным ауырып, күйзелу үстіндемін.

"Зову я смерть: мне невтерпеж". "Өлім шақырамын: мен асығыспын" (Шекспир).

Ұят та, басқасы да шыдатпай барады. Не істеуім керек?

* * *

2-май 1974-жыл.

Білгендерін істеп бағуда. Не жаза бар, бәрін қолдануда. Милицияға да бірнеше рет тапсырды. Енді қаматпақ ойлары. Көлеңкемнен қорқатын халге жеткізді. Милиция қашан келіп, қашан алып кетер екен деген қауіптемін, әнеу күні милицияда асылып өлмек те болдым, балаларымды қимадым. Мойныма тұзақ салып сәл тұрдым да, ойландым...

* * *

(Осы арада тағы да жыртылған. – Сарашы). ...Бұл халге де жеткізді. Соншама не істеп қойдым бұларға? Себепсіз адам өлмейді. Бірақ біздің ел оған пысқырып та қарамайды. О, не деген қиын уақытта өмірге келгеміз, бауырым...

* * *

25-май 1974-жыл.

"Чили, шуағым менің!" 27-февральда (1974-ж) "Социалистік Қазақстанда" толық басылды. Қуаланды қу байтал халімде жарық көрді. Жұрттың бәрі бір адамдай жақсы қабылдады. Көргісі келмегендер көрмей-ақ қойсын.

Бір нәрсеге өзіме өзім дән ырзамын. Ол – өзімнің ақындық болжамым, ақындық интуициям. Пабло туралы менің поэмамнан кейін Одақтық баспасөзде көп материалдар жарияланды. Әрине, олардың бірімен де мен таныс болған емен. Солармен кейін таныса отырып, дәл басып, бұрын білмеген жайттарымды алдын ала нақ айтқаныма мақтанам. Неруданың сүйегін қабірінен қазып, ұрлап әкетіпті, кітаптарын өртепті. Мен мұны білгем...

* * *

На следующий год, в этот же день, в каком положении окажусь, мне абсолютно неизвестно. Вообще, вся моя сознательная жизнь вокруг этих сомнений крутятся. Я не знаю даже, что будет завтра, всегда нахожусь в неизвестном направлений.

19-мая сего года, в жизни первый раз, пожалуй, первый и последний раз обратился к большому человеку. На его имя отправил болы мое письмо на русском языке. Честно, отчаянно по всем признался, ни на кого не жаловался. Что будет от моей затеи, что ждет меня впереди, неизвестно. Письмо мое дойдет ли до него не знаю, он сам лично ознакомится ли, или нет! Только одна надежда успокаивает меня, это то, если он лично ознакомится, то, неужто такой, большой человек не имеет такое большое сердце?! Не простой же смертник к нему обращается, а поэт, поэт с большой душой...

(Келесі жылдың осы күні қандай күйде болатыным маған мүлдем белгісіз. Жалпы, менің бүкіл саналы өмірім осы күдікті шыр айналумен келеді. Мен тіпті дәл ертең не болатынын да білмеймін. Әрдайым белгісіз бір күйде қалам.

Биыл 19-майда өмірімде бірінші рет, бәлки, соңғы рет үлкен кісіге өтініш білдірдім. Оның атына орысша жазып үлкен хат жібердім. Шынымды айтып, ашына бәрін мойындадым. Ешкімнің үстінен шағым айтпадым. Бұл әрекетімнен не шығатыны, мені алдымда не күтіп тұрғаны белгісіз. Хатым қолына тие ме, білмеймін, ол өзі оқып танысар ма екен әлде жоқ па? Мені тек бір нәрсе үміттендіреді: егер ол өзі танысса, сондай үлкен адамда қалайша үлкен жүрек болмайды?Оған өтініш білдіріп отырған көптің бірі емес, ақын ғой, үлкен жанды ақын... Әзірше күтудемін).

25 мая 1974 г.

Милые дети мои! Не будьте глупыми! Жизнь полно опасностей, будьте осторожными! К любому проявлению жизни относитесь серьезно, трезво, не будьте слишком добрыми, снисходительными. Пока существует жизнь, существует и зло. Добром и снисхождением не сломить зла. Силе только лишь силой можно противостоять, иначе погибнете! Не делайте зла никому, а если кто злобствует над Вами, ответьте ему тем же способом. Это – простая арифметика. Не держите душу нараспашку, как ни горько, в наш век это к хорошему не приведет...

Одним словом, сумейте любить и ненавидеть, но оставайтесь человеком! Будьте всегда человеком! Будьте всегда начеку, старайтесь всегда защищать свое "Я!".

Дети мои! Дети мои! Если Вы меня поняли...

(Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. ...Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан адам қалыптарында қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді бағалай біліңдер!

Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені...)

* * *

Жил-был давным-давно царь Нерон. Люди привыкли его называть дураком. Я не знаю, действительно ли он был таким. Однако, я знаю и глубоко понимаю его по его же выражениям:

"О! Какой великий актер умирает!" – в этих словах вся суть его жизни! Это – чистосердечное признание человека, живущего не своей жизнью: хотя б и он дурак. Все мы – артисты: даже в малом...

(Ерте-ертеде Нерон патша өмір сүрген. Жұрт оны ақымақ деп атауға дағдыланып кеткен. Шынында да ол сондай болды ма, мен онысын білмеймін. Бірақ мен оны өз сөзі арқылы білемін және терең түсінемін. "О! Қандай ұлы актер өліп барады!" – оның бүкіл өмірінің дәні сол сөзінде. Ол қанша ақымақ болса да, өз қалауынша өмір сүрмеген адамның шын жүректен мойындауы. Біз бәріміз – артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де...)

* * *

Неужели, умный и преуспевающий счастливец тот, кто умеет приспосабливаться к создавшему условию, к любому безвыходному положению, умеет обходить любые опасности, не сопротивляется, лишь только изгибается как молодой, зеленый тальник под бурей?! А не тот, кто не покорен ни с кем, всегда старается сопрогивляться к любому явлению зла и насилия и сгоять как старый дуб под бурей, предпочтя, лучше вырваться с корнем, чем быть униженным рабом зла?!

Как ни говори, в наш век, мы первого считаем умницей и завидуем ему, а последнего называем либо дураком, либо неудачником и сопровождаем бедного кислой улыбкой, свысока, с презрением смотрим на такого. Могу привести тысячу примеров, да Вы сами сможете того...

Милые дети мои, в этом отношении, мне трудно Вам выбирать одного из двух, выбирайте сами. Мне неизвестно, как сложаться судьбы Ваши...

(Тап келе қалған жағдайға дереу бейімделе кетіп, кез келген лажсыз жағдаймен амал тауып, кез келген қауіпті айналып өте алатын, қарсыласпайтын, тек бірақ жел шайқаған көк шыбықша майысып қана қоятын адамдар ғана ақылды әрі табыстан табысқа жеткіш, бақытты болып саналмақ па? Ал ешкімге бас имейтін, кез келген жауыздық пен зорлыққа әрдайым қарсы тұруға тырысатын және жауыздықтың қорланған құлы болғанша, түп-тамырымен қопарылып қалғанды артық санайтын қарт еменше қара дауылға қасқайып қарсы тұратындар неге бақытты деп есептелінбейді? Қалай дегенмен де, бұл ғасырда біз алдыңғыларды ақылды санаймыз. Және оларға қызығамыз, ал соңғыларды не ақымақ санаймыз, не жолы болмағандар дейміз де, байғұсты кекесінмен менсінбей шығарып саламыз, ондайға жоғарыдан, жақтырмай қараймыз. Мыңдаған мысал келтіре алам, ол өздеріңнің де қолдарыңнан келеді...

Сүйікті менің балаларым, бұл жөнінде маған сендерге екінің бірін ұсыну қиын, өздерің қалап алыңдар. Сендердің тағдырларыңның қалай болатыны маған белгісіз...)

* * *

(Осы беттен де кейін жыртылған. – Сарашы).

29-май 1974-жыл.

Молчит мой большой человек, молчат мои коллеги. Неужели судьба поэта, судьба моя не встревожила никого? Не знаю, неужто они хотят опять осуждать меня, когда я сам себя беспощадно осудил. Может быть, под конец, я сделал неверный шаг, обратившись туда, куда не следовало бы?! Не исключено, что частенько чистосердечное признание превращается в бумеранг. Что, если опять, снова начнутся суды да пересуды?!

Дело Айбара еще не кончено, закон угрожает уплатой. Судьба моя, судьба моей семьи висит на волоске. Чем все это кончится, неизвестно.

(Менің үлкен кісім үнсіз, қаламдастарым да үнсіз. Менің тағдырым, ақын тағдыры қалайша ешкімді селт еткізбеді? Білмеймін, мен өзімді өзім әбден аямай айыптап біткенде, олар мені қалайша тағы қайта жазғырмақ? Мен, бәлкім, өзі де онды біткелі тұрғанда, өтініш айтпайтын жаққа өтініш айтып, шалыс қадам жасап қойдым ба?! Кейде шын жүректен айтқан сырыңның бумерангқа айналып, өзіңе қайта оралып соғуы да ғажап емес. Егер тағы қайтадан бас-көз жоқ сөгу, даттау басталып кетсе, қайтем?!

Айбардың ісі әлі біткен жоқ заң төлемімен қорқытады. Менің, менің отбасымның тағдыры қыл үстінде тұр. Мұның бәрі немен бітері белгісіз).

* * *

Какой я человек, откровенно говоря, незнаю. Слабо-характерный, это правда. Но, душа моя, слишком добрая, сердце мое очень мягкое, как оно само. Может быть, от того и разделяю, неверно, мнение Толстого: "Несопротивление злу, насилию". Верно ли?!

(Ашығын айтқанда, өзімнің қандай адам екенімді де білмеймін. Көңілшек екенім рас. Алайда жаным менің тым мейірбан, жүрегім менің өте жұмсақ Сірә, сондықтан шығар Толстойдың "жауыздыққа зорлыққа қарсыласпауын" менің де қолдайтыным? Солай ма?!)

* * *

Не могу сказать, что люди коварные по тому, что мало знаю их. Я не исследователь, а поэт. Горечи и радости людские меня интересует больше, чем сам человек. Плох ли, хорош ли он, не мне рассуждать, ибо сам отношусь к отряду таковых... Меня увлекает судьбы людские, окружающая их действительность, время в котором они живут, общество, которое управляет ими...

(Адамдарды жауыз деп айта алмаймын, өйткені оларды аз білем. Мен зерттеуші емеспін, ақынмын. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық қызықтырады. Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де солардың бірімін. Мені жұрттың тағдыры, оларды қоршаған ортаның шындығы, олар өмір сүріп отырған уақыт, оларды басқарып отырған қоғам қызықтырады...)

1-июнь 1974-жыл.

Вчера в Союзе встретил одного человека из Большого дома. Оказывается, этот человек знает о моем письме. Меня потревожило сомнение, неужели, мое обращение к нему, попалось в руки таких, вроде бы этого. В таком случае мало надежды, по тому что я-то знаю, кто чей, кто кому служит... Неужели сердца людей превратились в мясной массив?! Неужели государственные мужы перестали относиться к нуждам народа, частицей которого являюсь и я ?! Начинаю понимать людей. Во мне что-то умерло. Начинаю терять доверие к людям, от того и не имею ни малейшей симпатии к власть имущим! Люди отличаются от скота потому, что между ними должно существовать неподкупное, взаимное, чистое доверие, сознательное, человеческое уважение друг к другу. Без этого мы потеряем, окончательно уничтожим себя и других. Лишаемся того богатства, которого называем "Дух"... Без духа ничего не делается. Считай себя трупом, когда тебя покидает дух! Значит, для спасения духа стоит бороться.

(Кеше үлкен үйдің бір адамын Жазушылар одағында жолықтырдым. Ол ч-к (ченеунік. – сарашы) менің хатым жайында білетін болып шықты. Ана кісіге деген өтінішім мынау секілді біреулердің қолына тиді ме деген күдік биледі мені. Егер олай болса, онда үміт аз, өйткені мен кімнің кім екенін, кімнің кімге қызмет жасайтынын білем... Шынымен-ақ адамдардың жүрегі бітеу етке айналып кеткені ме? Мемлекеттік қызметкерлердің шынымен-ақ халықтың, оның бір бөлшегі болып саналатын мен сияқтылардың мұң-мұқтажына құлақ асуды қойғаны ма? Адамдарды енді түсіне бастағандаймын. Менің ішімде әлдене өлді. Адамдарға деген сенімімді жоғалта бастадым. Сондықтан қолында билігі барларға титтей де ықыласым жоқ! Араларында бір-біріне деген сатусыз, екі жаққа бірдей таза сенімі, саналы, кісілікті сыйласымы болғандықтан да адамдардың малдан айырмасы бар. Біз онсыз бір-бірімізден айрыламыз, өзімізді де, өзгені де біржола құртамыз. Жан дейтін байлықтан айрыламыз. Жансыз ештеңе жасалынбайды. Жан кеткен соң, өзіңді өлік деп есепте! Демек, жан сақтау үшін күресуге болады).

* * *

...Сидит один кретин и советует мне написать поэму о "золотом человеке", о мнимом казахе. Я сказал, что это невозможно, прочтя ему на днях написанное мною стихотворение о "золотом человеке" и сказал: "Где человек, который дороже золота? Знаю только одно – если этот золотой человек действительно из нашего рода, то он знал бы свою цену, золота. Выясни, кто этот "золотой человек"? Объясни, думал ли этот золотой труп при жизни, что все золото превратится в золотой гроб, и поколениям останется лишь только золото? Мне надо узнать, кто он, кем был, заслужил ли он за этого золотого одеяния?! Мне неведомо, откуда он достал столько золото, если известно, что золото достается не легким путем и не каждому. Так что, пойми дорогой, поэзия не журналистика, а поэт не журналист, чтобы забегать за каждой сенсационной случайностью. Разве можно написать поэму только за то, что нашелся скелет в золотом одеянии?! Я охотно напишу поэму о черепе человека, не захороненного в безлюдной степи, чем о человеке весь в золоте".

(...Бір кеще отырып алып маған, жорамал қазақ "Алтын адам" туралы поэма жаз деп ақыл айтады. Оның мүмкін еместігін айтып, жуырда жазған "Алтын адам" атты өлеңімді оқып бердім. "Алтыннан қымбат адам қайда?" – дедім әлгіге. Бір нәрсеге ғана көзім анық жетеді: егер ол адам шынында да біздің арты тегіміз болса, ол өзінің де, алтынының да бағасын білген екен. "Алтын адамның" кім екенін анықта, маған түсіндіріп бер: өзінің бүкіл алтыны алтын табытқа айналатынын, ал кейінгі ұрпаққа тек алтынның өзі ғана жететінін тірлігінде бұл алтынға оранған өлік ойлады ма екен? Маған оның кім екенін, қандай адам болғанын, ана алтын киімді киюге тати ма – соны білу қажет. Сонша алтынды оның қайдан тапқаны маған белгісіз, ал алтынның оңайлықпен табылмайтыны бәрімізге аян. Сондықтан мені дұрыс түсін, қымбаттым, поэзия журналистика емес, ал ақын дабыра туғызатын жағдайларға жүгіре беретін журналист емес, алтынмен киіндіріп қойған қаңқа сүйек табылғаны үшін ғана поэзия жазуға бола ма?! Алтынға малынған адам туралы жазғанша, елсіз далада көмусіз қалған адамның бас сүйегі жайында қуана-қуана поэма жазар едім).

* * *

10-июнь 1974-жыл.

Сегодня до обеда был на допросе у одного младшего сержанта милиции, а после обеда один известный поэт прочитал мне свои стихи и подарил мне свой новый сборник стихов, конечно, с большой надеждой он ждет моего отзыва. Вот она – моя жизнь...

О, какое отвратительное время настало для меня!

(Бүгін түске дейін бір милицияның кіші сержантында сұрақта болдым, ал түстен кейін бір белгілі ақын маған өз өлеңдерін оқып, өзінің жаңа өлеңдер жинағын сыйлады; әрине, ол менің пікірімді үлкен үмітпен күтеді. Менің өмірім – осы.

О, мен үшін қандай бір жексұрын күндер туып тұр десеңші!)

* * *

Как поэта, волей-неволей, меня понимают люди, а как человека едва ли кто понимает, даже самые близкие мне. Так поймите же, я родился Человеком и останусь им, а поэтом я стал, понимаете, стал т. е...

(Қаласа да, қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді; ал адам ретінде кім түсіне қояр дейсің. Тіпті ең жақындарым да. Түсінсеңдерші, мен туғаннан адаммын, адам қалпымда қалам; ал мен кейін ақын болдым, ұқсаңдаршы, болдым, яғни...)

* * *

К 175-летию Пушкина.

Вот что знаю я о нем: Пушкин, прежде всего был коняшкой своих детей. Это – прекрасно! Не всякий гений может быть таким!

(Пушкиннің 175 жылдығына.

Менің ол жайында білетінім сол: Пушкин, бәрінен бұрын өз балаларының ат көлігі болды. Бұл – тамаша! Ұлылардың бәрі ондай бола алмайды).

* * *

21-сентябръ 1974-жыл.

Все мне чуждо, отвратительно, омерзительно! Я давным-давно перестал понимать, кто мне друг, кто враг. Нет! Нет у меня друзей! Вижу только со всех сторон сползающих осьминогов к себе. Могу ли я отбиваться, не знаю. В таком (лучае только чудо меня может спасти. А я твердо верю в чудеса. Чудо должно свершится!

А пока меня хотят обезоружить. Враги мои безперестанно наступают. Они готовы уничтожить меня. Если кто-нибудь скажет, отдав ружье одному: "стр



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу