Өлеңдер ✍️

  05.01.2025
  309


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Әбіш ата


Бойы сұңғақ, ойы зерек,
Жаны жомарт, пейілің кең.
Әбіш атам елден ерек,
Көңілі жайсаң, мейірімді ең.

Еркелеткен туғандайын,
Зура менен Серігін.
Ең басына қойғандайын,
Татулықтың көрігін.

Отбасының тәрбиесін,
Құлағына сіңірген.
Шуақ шашқан жан дүниесі,
Тәлімінен білінген.

Қанаттыға қақтырмай,
Тұмсықтыға шоқтырмай.
Асқан белес сан қырдан,
Аялаған Злиша мен Зураны,
Ұясына қондырған. 2- рет

Амандығын білемін деп,
Қыздарының алыстағы.
Құрт, ірімшік, май арқалап,
Талай әкеп табыстады.
Келуші еді ат терлетіп, 2-рет
Бірге туған Әбіш, Сары.

Күн шуақта,
Құдығына түсіретін немересін.
Тазартумен әлек болған,
Түсіп еңбек қызығына.
Менің атам дәл осындай, 2-рет
Қуанышқа бөленесің.

Адалдықтың қақ жолында,
Туын ұстап парыз еткен.
Пірәдәр деп ағайындар,
Аталғаны аңыз неткен. 2-рет

Жақсылығын аямаған,
Қамқорлығын бойындағы.
Әдет-ғұрып,
Салт-санамен.
Берік ұстап қалдырған,
Немерелерге қолындағы. 2-рет

Бал Зурам деп еркелеткен,
Асыл туған анадан.
Есте қалды мәңгілікке, 2-рет
Үлгі болып міне осылай,
Кейінгілер арасында тараған.

Сөзі: Әліпов Айтбек Рымбекұлы, қаңтар 2025ж., Астана қ.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мади
Мади Кеше, 18:42
Өлеңнің сөзіне де, айтылған әнге де, оны накышына келтирип айткан әншіге де өте жаксы деген баға беруге болады... Айтбек енбегин багаланып, халықтың жылы лебизине бөлене бер, Акындык шабытын сөнбесин, арта берсин, тағы да баскан туындыларын жарык көре берсин!
Дана
Дана Кеше, 15:13
Өте жақсы жазылған.
Гульмира
Гульмира Кеше, 13:30
Өте керемет өлен,мағыналы??

Пікір жазу