Шығармалар ✍️
Қонаев қаласы, қазақтың даласы
Қонаев қаласы еліміздің оңтүстік шығысында Қапшағай болып аталып, 2022 жылдан бастап Қонаев атауына ие болған қала. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Қапшағай атауы Қонаев қаласы болып өзгертіліп, Алматы облысының әкімшілік орталығына айналған қала. Ал бұрынғы Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласына Жетісу облысы ашылып, Талдықорған қаласы жаңадан ашылған Жетісу облысының әкімшілік орталығы болады.
Қонаев қаласы болып өзгертілген Қапшағай қаласына расыменде үлкен жауапкершілік артылуда. Өйткені, Алматы қаласына жақын орналасқан Қапшағай қаласы қазіргі таңда Алматы облысының әкімшілік орталығы болды. Яғни қазір Қонаев қаласы. Қапшағай өзенінің бойынан су электр стансасының ашылуымен тұрғызылған Қонаев қаласы қазіргі таңда еліміздегі маңызы зор қалалардың біріне айналған.
Халық саныны 2023 жылғы санақ бойынша 55 198 адамды құрап отыр. Олардың басым көпшілігі Қазақ ұлты болуы бұл заңды құбылыс дей алам. Өйткені, Қонаев қаласы Қазақстан жеріндегі маңызы зор қала болып табылады. Екінші орнынды орыстар алса, әрі қарай корейлер, немістер болып жалғасын тауып кете береді.
Қазақстан елі көп ұлтты мемлекет. Түрлі ұлттар өзара тату тәтті ынтымақ бірліктері жарасып жүрген халық. Сол сияқты Қонаев қаласындағы ұлттар да өзара тату, өзге ұлттар қазақ тілін білуге құмартуда. Бұл әрине олардың қазақ тіліне деген құрметтері деп білеміз. Кейбір өзге ұлттардың қазақ тілінде сөйлеп жүргенін де байқап жүрміз. Бұл әрине қуантарлық жағдай.
Қонаев қаласы болып өзгертілген Қапшағай қаласының болашағы зор болатынына бек сенімдімін. Өйткені, қалаға Қазақты 1960 жылдан бастап 1986 жылға дейін басқарған Дінмұхаммед атамыздың құрметіне Қонаев қаласы деген атау берілді. «Қонаев қаласы» деген құлаққа қандай жағымды естіледі десеңізші. Адамға Қонаев атамыз ортамызда жүргендей әсер береді екен. Ендеше, Қонаев қаласы дами берсін, әлем танитын, қызыға қарайтын қалалардың біріне айнала берсін дейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter