Эсселер ✍️
Қонаев қаласы жайлы
Қонаев қаласы — Қазақстан елінің оңтүстік шығысында Қапшағай өзіннің бойында 1970 жылы су электр стансасының салынумен құрылған қала. Алматы облысының әкімшілік орталығы болып табылады.
1970 жылы құрылған қаланың бұрынғы атаулары: Новоилийск, Қапшагай, Қапшағай.
Елдің оңтүстігінде, Іле өзенінің жағасында орналасқан. Қалада су қоймасының жағасында жағажайлар және республикадағы ең ірі ойын аймағы орналасқан.
Ал, 2022 жылғы 3 мамырда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, 1960 жылдан 1986 жылға дейін Қазақ КСР-нің іс жүзіндегі басшысы Дінмұхамед Қонаевты еске алу үшін қала «Қонаев» қаласы болып өзгертілді.
Қаланың өткен тарихына көз салар болсақ, қалада Кеңес өкіметі жылдарында қала мен оның төңірегінде өндірістік инфрақұрылым құрылды, зауыттар іске қосылды: фарфор, темірбетон конструкциялары, жоғары дәлдіктегі аспаптар; элеватор, нан-май зауыттары, балық өңдеу кешені ашылды.
Ал, 1980 жылдардың аяғында қалада КСРО Қарулы Күштерінің 17-ші армиялық корпусының 751-ші жеке инженерлік-инженерлік батальоны орналасты.
КСРО-ның ыдырауымен мемлекеттік зауыттар мен кәсіпорындар жекешелендіру бағдарламасы бойынша мемлекетке жекенің қолына сатылып, кейіннен өз қызметін тоқтатты.
1998 жылы Заречное және Шеңгелді ауылдары ауылдық округтермен бірге қалалық әкімдікке бағынды.
2000 жылдардың ортасынан бастап су қорғау аймағы болып табылатын Қапшағай су қоймасының жағалары жеке шағын мотельдер мен кафелер үшін белсенді түрде салына бастады.
2007 жылы «Ойын бизнесі туралы» заң қабылданды, оған сәйкес ойынханалар мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында орналасады.
2022 жылдың 16 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағайдың атын халық қаласа, Қонаев деп өзгертуді қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Алматы облысының жаңа орталығы болуын, одан орталығы Талдықорған қаласында орналасқан жаңа Жетісу өңірінен бөлініп шығуын ұсынды.
Міне, осындай бастамамен Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгеріп, Алматы облысының әкімшілік орталығына айналады. Мұның өзі Қонаев қаласының маңызды қала екендігін көрсетіп отырғандай...!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter