Шығармалар ✍️
Қонаев қаласымен мақтанам
Қонаев қаласы менің туған жерім. Туған жерім мекенім, жақында ғана қаланың атауы Қапшағайдан Қонаев қаласы болып өзгертілген болатын. Қала Алматы облысының әкімшілік орталығы болып табылады.
Қапшағайдың іргетасы, яғни қазіргі Қонаев қаласының іргетасы 1970 жылы қаланған. Содан бері 52 жылдай уақыт Қапшағай болып аталып келген туған жерім, туған далам қазағымның тұңғыш басқарушысы Дінмұхаммед атамыздың құрметіне қалам «Қонаев» қаласы болып өзгерді. Жарты ғасырдан аса уақыт «Қапшағай» болып аталып, «Қапшағай» қаласы болып танылған менің Қапшағайым «Қонаев» қаласы болып өзгертіліп, өз маңыздылығын артқыза түсті деп ойлаймын. Өйткені, Дінмұхаммед Қонаев атамыздың Қазақ еліне жасаған қызметі орасан зор деп білемін. Атамыздың тегіне арналып қойылған «Қонаев» атауы қаланың бұдан әрі дамып, өсуіне жол ашады деген ойдамын. Дей тұрғанмен қаланың таза болып, әрі қарай өсіп өнуіне қаланың әкімі қандай жауапты болса, қала тұрғындарының да жауапкершіліктері сондай деп айта аламын.
Сондықтан, қаламыздың болашағы үшін жұдырықтай жұмыла іс жасайық, қаланы таза ұстайық! Ынтымақ бірлігіміз жоғалмасын!
Туған жерім Қонаев қаласымен мақтанам, қала туралы бұрыс пікірлерді естігім де келмейді. Ондай пікірлер айтылып жатса айналып өтіп кетемін. Қаламыз алға дамып, жұлдызы жарқыраса менің де жұлдызым жарық болатыны анық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter