05.01.2025
  10


Автор: Қонаев қаласы

Бұрынғы Қапшағай, қазіргі Қонаев қаласы

Бұрынғы атауы Қапшағай болып, кейіннен 2022 жылдан бастап Қонаев атауына ауысқан Қонаев қаласы 1970 жылдары құрылған. Аумағы 3 мың шаршы км құрайды. Қонаев қаласында қазіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қонаев халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.
Осындай мәліметке ие болған Қонаев қаласы қазіргі таңда Алматы облысының әкімшілік орталығы болып табылады. «Қапшағай» атауы қазақ тілінде «тар шатқал» немесе «қысылған жер» дегенді білдіреді екен.
Қаланың дамуы мен пайда болу кереңі Қазақ КСР аумағының экономикалық дамуы үшін Қапшағай су электр стансасының құрылысының басталуымен байланысты. Қапшағай су электр стансасының басталуы Қапшағай қаласының бой көтеруіне әкеледі. Бұл 1970 жылдары болатын. Нақтырақ айтар болсақ, 1970 жылы 9 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Алматы облысы Іле ауданы Новоилийск ауылы облыстық бағыныстағы қала қатарына жатқызылып, оған Қапшағай атауы беріледі. Бұл атау 2022 жылға дейін 52 жылдай уақыт сақталынып, 2022 ші жылы қаланың атауы Дінмұхаммед атамыздың тегіне арналып «Қонаев» қаласы болып өзгертіледі.
Осындай баға жетпес байлығы бар қазіргі Қонаев қаласының болашағы зор деп ауыз толтырып айта аламыз. Жыл өткен сайын тұрғындары да көбейіп, өсіп өніп, етегін кеңге жайып жатқан Қонаев қаласы жанданып, жарқырай берсін! Қала тұрғындары өзара тату болып, Қонаев қаласын алға бастай берейік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу