Эсселер ✍️
Қонаев қаласы
Қонаев қаласы еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан Алматы облысының орталығы болып табылады. Бұл Қонаев қаласы 2022 ші жылға дейін Қапшағай қаласы болып аталып келген Қазақстандағы құмар ойындар ойнатуға рұқсат берілген екі қаланың бірі.
1970 жылы құрылған қала. Жер аумағы 56 км2 ді қамтиды. Ал халық саны 55 198 адам, бұл 2023 ші жылғы санақ бойынша жазылып отырған есептік көрсеткіш.
Қала тұрғындарына назар аударар болсақ ең көп ұлттар әрине Қазақтар тұрғындардың 66.74% пайызын құрайды. Екінші орында орыс ұлты 26.73 % пайызды құраса, корейлер 1.96%, ұйғырлар 0.79%, немістер 0.72%, татарлар 0.66% пайызды құрап отыр.
Қонаев қаласының тұрғындары өзара тату, ынтымақты, бір-бірімен сыйластығы жоғары жандар деп айта аламыз. Бірлік барда тірлік бар, — демекші, бірлігі мен тірлігі жарасқан Қонаев қаласының тұрғындары алдағы уақытта да тату тәтті болатынына сенімім кәміл.
Қонаев қаласы еліміз үшін маңызы зор қалалардың бірі. 2022 ші жылға дейін аты «Қапшағай» болып танылған бұл күндері Дінмұхаммед атамыздың тегіне арналып «Қонаев» қаласы атанып отыр.
Қонаев қаласымен мақтанамыз. Қаланың алдағы уақытта да дамып, өсіп өнуіне, қанатын кеңге жаюына, қаланың таза болуына бір кісідей ат салысып, өз үдесімізді қоса берейік. Көп түкірсе көл демекші, бәріміз жұдырықтай жұмыла іс жасайық. Қонаев қаласы жарқырап, жандана берсін! Тек қана алға, Қонаев қаласы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter