Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.01.2025
63
Осы менің Қонаев дара қалам
Осы менің Қонаев дара қалам,
Туған жерім бұрынғы Қапшағайым.
Тегіне өтті Қонаев атамыздың,
Сол үшін де қуана ән салайын!
Осы менің Қонаев дара қалам,
Бар жақсыға әрдайым бастайтұғын.
Қонаев боп бұл күні, орталық боп,
Жігерленген қалам бұл саспайтұғын.
Осы менің Қонаев дара қалам,
Орталығы Алматы облысының.
Әрбір ісін бағамдап, әр жүрісін,
Куәсіндей біз жүрміз оңды ісінің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter