Эсселер ✍️

  01.01.2025
  26


Автор: Теміртау қаласы

Теміртауым туған жерім

Теміртауым туған жерім, Орталық Қазақстанда орналасқан, Нұра өзенінің бойындағы қала. Қарағанды облысына қарайтын әгілі зауыттарымен ТМД елдеріне танымал, одан бөлек өндірісіндегі заттар 60 елге экспорт жасалынатын қала болып табылады.
Теміртауда туып, Теміртауда алғаш рет қадам басып, алғаш рет үн қатқандықтан Теміртау қаласы мен үшін ең ыстық қала. Теміртаудың қыстың күні суық болса да жаздың жайма шуақ күндерінде жүргендей күй кешем.
Туған жері әрбір жанға әрқашанда қымбат болады емес ме?! Сол қымбат қаламнан сәл ұзап шықсам Теміртауыма қайтқым келіп, туған жерімді аңсап жүремін. Туған жердің топырағының өзі ыстық емес пе?!
Туған жері болған соң мақтап отыр демеңіздер, Теміртау қаласы расыменде еліміздегі маңызы зор қалалардың бірі деп айта аламын. Теміртауда тұңғыш президентіміз металлург болып қызмет етсе, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Аубакиров ағамыз осы менің туған жерім, Теміртау қаласынан шыққан. Бұл әрине мені қуантады. Халқына келер болсақ, Теміртау қаласында орыс ұлты көп болғанымен алдағы уақытта қазақ халқының көбейе түсетініне сенімдімін.
Ия, менің туған жерім, Теміртауым көп ұлтты қала, Орыс ұлты көш бастап тұрғанымен қазақ ұлты да етегін кеңге жайып, өсіп келе жатыр. Ұлттар өзара тату, ынтымақ бірліктері жарасқан.
Осы менің туған жерім Теміртауым. Туған жеріммен мақтанамын. Шаттанамын, бақ табамын. Тек қана алға, менің Теміртауым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу