01.01.2025
  53


Автор: Теміртау қаласы

Теміртау қаласы жайлы

Теміртау қаласы тек Қазақстанға ғана танымал емес ТМД елдеріне өзінің жер асты байлығымен әйгілі.
Ол Қарағанды облысына кіретін Орталық Қазақстанда, Нұра өзенінің бойында орналасқан қала болып табылады.
Теміртау — республикадағы ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала деп сеніммен айта аламыз.
Қалада көптеген зауыттар жұмыс жасайды. Олардың бірі Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т.б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады. Бұл дегеніміз, Теміртау қаласының аты 60 тан астам елге әйгілі, танымал деген сөз емес пе?! Алдағы уақытта да Теміртау қаласы қанатын кеңге жайып, бүкіл әлемге танылатынына сенімімдімін.
Теміртау қаласының құрылған уақыты 1909 жылға тиесілі. Ал қала статусын 1945 жылы алған. Оның бұрынғы атауы Самарқандский болған. Ал жер аумағы 296.1 км2 ты құрайды.
Ал халқына көз салар болсақ, қалада тұратын ұлттардың басым көпшілігі орыстар 51,36 пайызды құрайды. Қазақтар 36,02 пайызын құраса, украиндар 3 пайызын құрайды. Осылай кете береді, немістер, татарлар, корейлер, беларусьтар болып. Жалпы халық санына келер болсақ 2023 жылғы санақ бойынша Теміртауда 171 890 адамды құрап отыр.
Міне, қысқаша осындай мәліметтерге ие болған Теміртау қаласының болашағы зор деп білемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу