01.01.2025
  20


Автор: Теміртау қаласы

Теміртау қаласы

Теміртау қаласы Орталық Қазақстанда орналасқан Қарағанды облысына кіретін Нұра өзенінің бойындағы қала болып табылады.
Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау — республикадағы ірі индустриялды орталығы, еңбекқор даңққа бөленген қала деп ауыз толтырып айта аламыз.
Қалада даңқы жер жаратын зауыттар баршылық. Атап айтар болсақ, Теміртаудағы "Миттал Стил" зауыты шойын, болат, агломерат және т.б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етіп отыр.
Тағы да өткен шаққа көз салар болсақ, біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осы Теміртау қаласында еңбек етіп, өндіріске мол үлесін қосты.
Міне, осындай ғажайыптарға ие Теміртау қаласы біздің еліміздің мақтанышы. Теміртау қаласымен мақтанамыз. Ірі индустриялды қала болып табылатын Теміртау қазіргі таңда қанатын кеңге жайып, алға қарай даму үстінде.
Қаланы еліміздегі маңызы зор қала деп сеніммен айта аламыз. Қазақстанның жүрегінде орналасқан, яғни Орталық Қазақстанда орналасқан Теміртау қаласы әлі де алға қарай дамып, ТМД елдеріне ғана емес, бүкіл әлемге танымал болатынына сенімім кәміл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу