Өлеңдер ✍️

  25.12.2024
  32


Автор: Рамазан Амантай

Неке жүзік

Қуандық Рахым - Неке жүзік (Текст 2019)



Әні: Өмірзақ Махамбет
Сөзі: Рамазан Амантай



Бір көктемді мен күттім көп
Көктем келді
Еңлік гүлдеп
Еңлігім-ау серт беріп-ең
Мендікпін деп
Әр көктемнің салтын бұзып
Сол көктемнің антын бұзып
Саусағыңа тағыпсың-ау
Алтын жүзік



Қайырмасы:



Сұлу жүзің нұрдан алған
Сыңғыр күлкің судан алған
Ханшайым-ең ертегі мен
Жырдан алған
Жанарыңды мұңнан алған
Сөздеріңді сырдан алған
Неге-неге басқа біреу
Ұрлап алған
Сендей жанды таба алам ба
Бұл ғаламнан



Сол бір сезім сөнгендейсің
Сүймепсің-ау дәл мендей шын
Мендей сүйсең сағыныштан емделмейсің
Басқа жанмен серуендейсің
Бақытым деп сенгендейсің
Тағы да бір көктем келер
Сен келмейсің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу