20.12.2024
  13


Автор: Жетісай қаласы

Жетісай ауданы туралы

Жетісай ауданы — Түркістан облысы құрамындағы аудан.
Халқының саны — 187 384 адам.
Орталығы — Жетісай қаласы.
Түркістан облысының қиыр оңтүстігінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Шығысында Мақтаарал ауданымен, оңтүстігі мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Шардара ауданымен шектеседі.
Шардара ауданынан Шардара су қоймасы бөліп жатыр.
Жетісай қаласы қай өзенде орналасқан десеңіз, Жетісай — Достық каналының сол жағалауында, Сырдария алабында, Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстан Республикасымен шекарасы арасында орналасқан қала.
1959 жылы Жетісай поселкесі аудан орталығына айналды. 1969 жылы Жетісай қаласы статусын алды. Қаланың тоқсан жолдың торбына орналасуы ондағы тұрғындардың сауда ісімен айналысуына үлкен септігін тигізді.
Жетісай қаласындағы базар бүгінгі күні
Қазақстанның оңтүстік бөлігі ғана емес,көрші орналасқан өзге республикалардың шекаралас аудандары үшін де орталық базарға, еркін экономикалық аймаққа айналып отыр, — деген ғаламтордағы дереккөздерге сүйенсек Жетісай қаласының еліміз үшін маңызы зор қала екендігіне көзіміз жеткендей.
Қай жағынан алып қарасақ та, Жетісай қаласының салт-дәстүрді берік ұстанған қала десек қате айтқанымыз болмас. Қазақилықтың исі аңқып тұратын Жетісай қаласымен мақтанамыз, жасай бер, Жетісай! Жасай бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу