Эсселер ✍️

  20.12.2024
  16


Автор: Жетісай қаласы

Жетісайда әпкем тұрады

Жетісайда менің әкемнің қарындасы, менің әпкем тұрады. Жолы алыс болғандықтан Жетісайға көп бара бермейміз. Той-жиындарға әпкемнің өзі келіп тұрады.
Жетісайға осыдан біраз жыл бұрын, яғни мен мектепте сабақ оқып жүргенімде барған болатынмын. Сол кезде байқағаным бар еді, Жетісайға бара жатып Өзбекстанға кіріп қайта шыққандай болдық. Телевизорды қоссам өзбек каналдары сайрап тұр. Үнді сериялдары өзбек тілінде сөйлеп, өзіне баурап жатыр. Біздің Түркістанда да өзбек ұлттары көп қой, қазақ боп кеткен ба білмеймін, олардың өзбекшесіне түсінетін едік, бірақ телевизордан сайрап тұрған өзбектердің сөзін түсіну мүмкін емес еді. Ал әпкемдер талай жылдан бері Жетісайда тұрғандықтан олар телевизордағы өзбектер тілін түсініп отыр. Күніге өзбекше тыңдап, өзбек сериал көре берсе өзбек тіліне түсініп кететіні сөзсіз ғой. Сол уақытта Жумунг деген корей сериалы боп жатқан кезі еді, соны өзбек каналдарынан беріп жатты. Сол уақытта өзбекше аудармасы бар дискісін алып үйде көретін едік, кейін қазақ тіліне аударылған нұсқасын көрген едік.
Менің айтпағым, Жетісай жайлы болатын, басқаларды былай алып қойғанда менің Әпкемнің отбасын алар болсақ жаз айларында үй-іші, бала-шағасымен тыным таппайды, үйлерінде малдары бар оған қарайды, мақта еккен оның шабығына шығады, қауын-қарбыз еккен оған қарайды, суарады, әйтеуір тыным таппайды. Көктем айының екінші айы, яғни сәуір айынан бастап жаздың үш айын қоса алғанда, күздің екінші айына дейін тыным таппайды екен. Ал қыста ғана кішкене демалып, басқа қалаларға жұмысқа барып, өздерінің керек жарақтарын қамтамасыз етіп отырады.
Міне, Жетісайлық менің әпкемнің де отбасы осындай шаруашылықпен айналысып, еңбектерінің жемісін көріп отырған жайлары бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу