Шығармалар ✍️
Жетісайдың құрылымы
Мырзашөлде Достық (Киров атындағы) канал құрлысының жүргізілуіне және мақта шаруашылығын дамытуға байланысты 1939 жылы іргесі қаланады. 1951 жылы кентке айналса, 1969 жылы қалаға айналған Жетісай қаласы — бірнеше ауылдардың басын қосып отырған Жетісай ауданының әкімшілік орталығы болып табылады.
Жетісай ауданына қарасты барлық ауылдар мен Жетісай ауданының әкімшілік орталығы Жетісай қаласында ұлттық салт-дәстүріміз кеңінен сақталған дей аламыз. Жетісайда қазақ ұлттарымен қатар өзбек ұлттары да бар. Жетісай Өзбекстан еліне шекаралас болғандықтан Жетісайға немесе Жетісайға қарасты ауылдарға барсаң олардың телевизорларынан өзбек каналдарын тамашалай аласыз. Мысалы, Шымкенттен әрі қарай Жетісайға баратын болсаңыз бір мезетте шекарадан шығып кеткендей боласыз, өйткені телефоныңызға сондай хабарлама келеді. Ал Жетісайға қарасты қатар орналасқан ауылдарға кіргенде елімізге хош келіпсіз деген хабарламаға ие боласыз. Міне, Жетісайдың ерекшелігі осында болса керек. Өзбекстан еліне шекаралас орналасқан Жетісайдың біз үшін орны бөлек, өзгеше дей аламын. Ақ алтынның, яғни мақтаның мекені.
Тұрғындары еңбекқор, бір жағы мал шаруашылығымен айналысып жатса, бір жағы егін шаруашылығымен айналысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter