Эсселер ✍️

  20.12.2024
  36


Автор: Жетісай қаласы

Жетісай қаласы

Жетісай қаласы — Түркістан облысына қарайтын, Жетісай ауданының орталығы. Жетісай қала әкімдігіне бірнеше ауыл округтер қарайды.
Географиялық орнын нақтырақ айтар болсақ, облыс орталығы – Түркістан қаласынан онтүстік-батысқа қарай 393 км жерде, «Достық» каналының сол жағалауында, Сырдария алабында орналасқан қала. Халқының ресми тілі мемлекеттік тіл — қазақ тілі болып табылады. Тұрғындарының саны 2023 жылғы халық санағы бойынша 45 130 адамды құрап отыр.
Жетісай ақ алтынның яғни мақтаның мекені десек қате айтқанымыз болмас. Өйткені Жетісай тұрғындарының басым көпшілігі осы мақтаны егіп, оны суарып, арап шөбін шауып, күзде мақта аппақ болып қаулап ашқан уақытында комбайнмен теріп алады. Біраз уақыт өткен соң ашылмаған мақталар ашылғанда қайтадан тергізіп, арнайы мақта заводтарына өткізіп жатады.
Қысы жылы, жазы ыстық болатын Жетісай ауданына қарасты елдімекен тұрғындары көбнесе мақта егумен, қауын-қарбыз егумен айналысып жатады. Міне бұл шаруашылықтар Жетісай ауданының тұрғындары үшін ең қолайлы жұмыс дей аламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу