Шығармалар ✍️
Екібастұз туған қалам
Екібастұз қаласы еліміздің солтүстігінде орналасқан Павлодар облысына кіретін қала. Яғни менің туған қалам. Екібастұзда туылып, ең алғаш рет тәй-тәй басып, Екібастұз ауасымен тыныстағанмын. Екібастұз қаласыныңы мен үшін арайлы атар таңы да ыстық, қызарып батар күні де ыстық. Туған жерім мекенім, бұл Екібастұз, Екібастұзда туылып, осы қалада өсіп өнуіміздің өзі бір ғанибет, солай емес пе?
«Туған жердей жер болмас» демекші, туған қаланың өзі адамға бір күш, қуат беріп тұратындай. Туған қаладан сәл алыс жүрсең сағынасың, іздейсің. Кей адамдар туған жерінен аттап шықпаған болады. Олар үшін туған қаласы Париж, Лондонмен тең. Туған қаласының ауасымен тыныстап жүргеннің өзін ерекше бақытқа санайды. Міне, туған жердің қасиеті неткен ғажап десеңізші.
Мен де сондай адамдар қатарынан боламын. Туған қаламнан алыс кету мен үшін үлкен қасіретпен бірдей десем болады.
Ия, Екібастұз менің туған қалам. Туған жерімді жанымдай жақсы көрем. Екібастұз қаласына басымды иемін. Сенде туып, сенде өскеніме өте қуаныштымын! Жасай бер менің туған қалам, Екібастұзым! Тек қана алға! Бай, қуатты болайық! Армандарымыз орындалып, алға қойған мақсаттарымызға ұмтыла берейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter