Шығармалар ✍️
Екібастұз тарихы
Екібастұз қаласының тарихы туралы ой қозғар болсақ: Екібастұз қаласы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы қала, Павлодар облысына кіреді. Екібастұз қаласы өзінің көмір өндіру кендері мен өнеркәсіптері арқылы ерекшеленеді. Екібастұз осы көмірі арқылы алыс жақын шет елдерге танымал болған біздің мақтанышымыз. Қара алтыны арқылы барша қалаларды өзіне қаратқан, барша қалаларды алға бастап тұрған қала десем артық айтпағаным болар.
Екібастұз — 1898 жылы құрылды. Ал, 1957 жылы халық саны 25000-ға жеткеннен кейін Екібастұзға қалалық құқықтар беріліп, қала статусына ие болады.
Сталиндік дәуірде Екібастұзда үлкен түзеу лагері болды, оның тұтқындары көмір шахталарында мәжбүрлі жұмыстарды орындауға мәжбүр болды.
Екібастұз лагеріне түсіп, көмір шахталарында жұмыс жасаған жандар қаншама десеңші.
Расында да, Екібастұз қаласының еліміз үшін жасап жатқан жақсылықтары өте көп. Сондықтан Екібастұз қаласымен мақтанамыз. Қаланың әр жері біз үшін өте қымбат. Екібастұз қара алтынның жері, бұл жерді ұқыптап сақтап қалу біздің әрбірімізге міндет, әрбіреуімізге парыз деген ойдамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter