Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.12.2024
18
Екібастұз жүрегім
Екібастұз жүрегім,
Сені ойлап жүремін.
Бақытым сен, байлығым,
Бір өзің деп білемін.
Екібастұз жүрегім,
Саған шаттық тіледім.
Сені ойласам қуана,
Риясыз пәк күлемін.
Екібастұз жүрегім,
Саған құлақ түремін.
Қуат алып өзіңнен,
Адал өмір сүремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter