Эсселер ✍️
Туған қалам, Арысым
Ия, менің туған жерім, туған қалам осы Арыс қаласы. Арыс қаласында туылып, өскеніме өте қуаныштымын. Қазіргі таңдағы қаланың тыныс-тіршілігі жақсы дамып, басқа қалаларды алға бастап тұр десем де болады.
Менің туған қалам, Арысым Түркістан облысына кіретін қала. Басында Арыс станциясы болып құрылған кент, бүгінгі таңда қала статусына ие болған, құрамына Арысты қоса алғанда 6 ауыл кіретін қала болып табылады. Жеткен жетістіктері өте көп, экономикалық жағдайы өте жақсы дамыған қала дей аламын.
Білім ордалары да жоғары деңгейге жеткен, әдебиеті мен мәдениеті де жақсы дамыған қала.
Атап айтар болсақ: 2015 жылы ұлттық бірыңғай тесттің орташа көрсеткіші 80,9 балды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,9 балға артты. 10 білім беру нысандарын (9 мектеп, 1 бала бақша) күрделі жөндеуге республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 918,3 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Балаларды бала бақшамен қамту 80,2% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артқан.
Т.Тәжібаев атындағы №1 балалар үйіне облыстық бюджеттен 81,0 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.
Қала сыртындағы лагермен жалпы оқушылардың 12,5% қамтылды. Инклюзивті білім беруді дамыту 29,2% құрады. Білім қоры 2,0% -ды құрады.
Ал денсаулық сақтау саласына келер болсақ:
Қала бойынша есепті кезеңде 1832 сәби дүниеге келіп, табиғи өсім 20,3% құрады. 2015 жылы туберкулез ауруымен алғаш рет 37 науқас тіркелген, алғашқы аурушаңдық 2014 жылмен салыстырғанда 19,5%. кеміген.
Ақдала ауылында дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
Қалалық түберкулезге қарсы диспансердің сыртқы қоршауы жүргізіліп, толық аяқталды.
Ия, «дені саудың жаны сау» демекші, қаладағы денсаулық көрсеткіштері осындай көрсеткішке ие болғаны көңілді тоқтандырады. Лайым науқас жандар жазылып, ешкім ауырмасын! «Адамның күні адаммен» дегендей, қаладағы ынтымақ пен бірлік, сыйластық артып, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Арысым, сен жасай бер! Тек қана алға! Сені жақсы көреміз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter