13.12.2024
  11


Автор: Арыс қаласы

Арыс қаласының экономикасы

Арыс қаласының экономикасы жақсы дамып келе жатқан қала. Қаржы саласына көз салар болсақ, соңғы нақтыланған жалпы бюджет көлемі 9.101 млн. теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 1.826 млн. теңгеге артты.
Жергілікті кірістер жоспары 2.571 млн. теңге болса, нақты 2.981 млн. теңге түсіп, жоспар 116,0% орындалды, 2014 жылмен салыстырғанда 1.749 млн. теңгеге немесе 2,4 есеге артқан.
Өндірілетін электр қуаты 12 мВт. Жаңадан 30 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Индустрияландыру картасы аясында аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған жобалар:
Арыс қаласынан индустрияландыру картасына жобаларды енгізу мақсатында құны 164,0 млн. теңгені құрайтын «ЖК Б.Сарбасов» жаңа ұн диірмені кешенін ашу жобасы.
Жобалық құны 100,0 теңгені құрайтын «ЭСЕД» ӨК-і ет өнімдерін өндіру цехының жобасы.
Жобалық құны 200,0 теңгені құрайтын «MEGA-AGAT-АГРО» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жобаны іске асыру жоспарланған:
2015 жылы бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: 3 жобаға «Жылдық пайыздық мөлшерін субсидиялау», 3 жобаға «Кепілдік беру» және гранттық 1 жобаға қолдау көрсетілді.
Жалпы айтқанда Арыс қаласының экономикалық жағдайы өте жақсы дамып жатқан қала дей аламыз.
Ауыл шаруашылығы да жақсы дамып, қала экономикасына жақсы пайдасын тигізуде...
Есепті кезеңде 9.012 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2% құрады.
Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2014 жылмен салыстырғанда барлық түрінен артты.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, қандай жұмыс, қандай іс болмасын еңбек етсең жемісін молынан алатыныңыз сөзсіз. Сондықтан, еңбек етейік, еңбек бәрін жеңбек, солай емес пе?! Дәл осы тұрғыда Арыс қаласының тұрғындарын нағыз еңбекқор жандар деп ауыз толтырып айта аламыз!
Арыстық тұрғындар! Жарайсыздар! Сіздерге тек қана алға дегім келеді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу