04.12.2024
  21


Автор: Балқаш қаласы

Балқашды қарашы

Балқашымды қарашы. Кең байтақ ен даласы. Балқаш көлі тағы бар, туған қыз бен баласы. Деп сөзімді бастар болсам Балқаш қаласы десек міндетті түрде Балқаш көлі, Балқаш көлі десек Балқаш қаласы еске түсетіні анық. Расында да Балқаш қаласы мен Балқаш көлі бірге, егіз ұғымда айтылады. Балқаш қаласы пайда болмай тұрып-ақ Балқаш көлі бар болатын. Ал Балқаш қаласы ең алғаш Прибалхашстрой атауымен кент ретінде құрылған болатын. Бұл уақыт 1931 жылы орын алған. 1937 жылы қала атауына ие болады.
Балқаш қаласында түрлі түсті металдар өндіріліп, сол арқылы көптеген кен орындары пайда бола бастады. Түрлі заводтар салынды. Сонымен қатар Балқаш көлі жағалауында көптеген демалыс орындары салынып, туристер келе бастады.
Қазіргі таңда менің Балқашым көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, даму жолында қарқынды жұмыс жасап келеді. Қаланың күн күндеп дамуы әрбіріміздің қолымызда. Қаланы таза ұстау, қаланың одан әрі көркеюіне ат салысу сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан, әрбір жасайтын ісімізді бірге, ынтымақ бірлікте атқара берейік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу