Эсселер ✍️
Балқашымның ақ таңы
Мен Балқаш қаласының тумасымын. Балқаш қаласында туылып, Балқаш қаласында Балқаш көлінің жағасында өсіп, қанаттанған жандардың бірімін. Өз туған жерім туралы не айта аламын, Балқаш көлінің жағасына барып демалып, тұйық көлдің біпқалыпты тұрған әдемі сәттерін қызықтай аламыз. Көл жағасындағы көптеген салынған демалыс орындары бар. Туристер келіп демалып, Балқаш қаласына бет бұрып, қаланың тыныс тіршілігімен танысып жатады.
Балқаш қаласының басты ерекшелігі осы Балқаш көлінің бойында орналасқандығы дей аламын. Балқаш көлінің жағасынан көптеген өнеркәсіп орындары салынып, түрлі түсті металдар өндіріліп жатады. Тіпті шет елдік өнеркәсіп орындары да жоқ емес.
Қаланың негізі сонау 1931 жылы Прибалхашстрой кенті болып қаланған. Кейін келе бұл кент 1937 жылдары Балқаш қаласы, яғни қала статусы берілген қала.
Халықтар арасындағы достастықтары өте жақсы дей аламын. Өйткені, түрлі мейрамдарда ұлтараралық сыйластық байқалып тұрады. Көп ұлтты қала. Қазақтар көп, ол енді түсінікті жайт қой, қазақ елінде тұрып, қазақтардың көп болуы заңды құбылыс деген ойдамын. Әрі қарай орыстар, корейлер, украин, немістер болып кете барады. Ынтымақ бірліктері жоғары.
Міне, Балқашымның ақ таңы осылай арайлы да шырайлы болып, халықтар арасындағы достастықтары берік, тұрғындары еңбекқор болып күнделікті тіршіліктерін жасауда. Кеші болса қуанышқа толы болып, бақ-берекенің молы болып батып, күн ұясына кіріп жатады. Сосын түнінде жұлдыздары жымыңдап, айдың сәулесі Балқаш көліне сұлулана түсіп жатады. Ол көріністі көрудің өзі бір бақыт дер едім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter