Эсселер ✍️

  04.12.2024
  32


Автор: Балқаш қаласы

Балқаш қаласы жайлы

Балқаш қаласы жайында айтар болсақ еліміздегі маңызы бар, елімізге сонымен қатар алыс жақын шетелдерге танымал қала дей аламыз. Олай деуімнің басты себебі Балқаш қаласында аты әлемге әйгілі Балқаш көлі бар. Бір қызығы Балқаш көлінің жарты бөлігі тұзды, екінші жарты бөлігі тұщы су болып келеді.
Балқаш көліне келетін демалушы туристер көп. Сол туристерге жағдайын жасап отыратын түрлі демалыс орындары да баршылық. Жалпы айтқанда Балқаш көлімен бүкіл ел болып мақтанамыз. Балқаш көліне келген адам Балқаш қаласына бет бұрмай кетпесі анық. Сол себепті Балқаш қаласын барлық адам біледі, Балқаш көлінің бойында Балқаш қаласының бар екендігін біледі деп сеніммен айта аламыз.
Балқаш қаласы 1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Яғни, бұл қала Балқаш көліне арнайылап салынған кент арқылы пайда болып, қала статусына ие болған қала екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Ал 1937 жылы қала статусына ие болады.
Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кен орны мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. 1967 жылы Лондондық Халықаралық Көрмесінде балқаштық мыс халықаралық мыс эталоны болып танылды. Бұл дегеніміз Балқаш көлінің еліміз үшін маңызы жоғары көл деп толықтай айта аламыз. Балқаш көлімен танымалдылыққа ие болған Балқаш қаласының болашағы зор деп айта аламыз. Өйткені, Балқаш көліне келетін демалушы туристер Балқаш қаласына келіп, тыныс тіршілігімен танысары анық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу