Шығармалар ✍️
Балқаш қаласы
Балқаш қаласы Қарағанды облысына кіретін, Балқаш көлінің жағасында орналасқан қала. Еліміз үшін маңызы бар қалалардың бірі. Қарағанды қаласынан 380 км қашықтықта Бертіс айлығында орналасқан. Халық саны 2023 жылғы санақ бойынша 73739 адамды құрайды.
Балқаш қаласының құрылған уақыты 1931 жылы құрылып, 1937 жылы қала статусына ие болады. Ал жер аумағы 330 км2
Қалада қазақ ұлты көп, олардың саны 69,71% пайызды құрайды. Сонымен қатар қалада орыстар, корейлер, немістер, татарлар, украиндар бар. Бұл тізім бойынша Балқаш қаласын көпұлтты қала деп ауыз толтырып айта аламыз.
Балқашта туризм жақсы дамыған. Атап айтар болсақ, олар мынадай: Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады.
Балқаш көлі елімізге сонымен қатар алыс жақын шет елдерге танымал. Оның жағалауында жылына 4 мыңнан астам адам демалады екен. Демалушыларға жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды.
Демалыс орындарына демалуға келетін туристер Балқаш көліне арнайылап келіп жатады. Бұл Балқаш көлі бүкіл еліміз үшін мақтанышқа айналған көл деп санаймын. Мінеки, Балқаш көлінің жағасында орналасқан Балқаш қаласы осындай әдемі де, үлкен көлі арқылы танымал десек, қате айтқанымыз болмас.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter