Эсселер ✍️
Қарағанды қаласы менің туған қалам
Қарағанды қаласы менің туған қалам. Мен туған қаламды қатты жақсы көрем. Өмірге келіп, көзімді тырнап ашқалы бері Қарағандының жанға жайлы ауасымен тыныстап, жаныма нәр алып өсіп келемін. Міне, өмірге келгеннен бері арада 30жылдай уақыт өтіпті, әлі өсіп келемін, Алла амандық берсе әлі Қарағанды қаласымен бірге өсе берем деген ойдамын. Туған жерін кім жақсы көрмесін, бәріміз де жақсы көреміз. Туған қаламыздан нәр аламыз, ең алғашқы рет мектепке қадам басып, тарыдай болып кіреміз де, таудай болып шығамыз. Содан әрі үлкен, жоғары оқудың есігін қағамыз. Оны да жақсы оқып, әрі қарай қызметтке орналасып, еңбек жолымызды бастап кетеміз. Бұл өмірдің заңы, осындай өмірдің заңын Қарағанды қаласында өткеру маған бұйырған екен, өте қуаныштымын!
Бұл уақытта өзіміз де балалы-шағалы болдық. Қолымыз жұмыстан қалт еткенде Қарағанды қаласындағы, өзіміздің туған қаламыз Қарағандының көрікті жерлеріне балаларымызды алып барып жатамыз. Күнделікті күйбең тірліктен арылудың бір әдемі жолы балаларыңызбен бірге қаланың көрікті жерлеріне барып, суретке түсіп аралау. Бұл баланың сана сезімін жақсартады. Өзіміз де күнделікті күйбең тірліктен арыламыз, солай емес пе?!
Қарағанды қаласының басты байлығы қара алтыны дей аламыз. Кеншілердің мекені осы менің Қарағандым. Қара көмірдің арқасында жанымыз жылып, үйіміз шаттыққа кенеліп отыр, солай емес пе?! Ия бұл менің қалам, менің жүрегім, менің киелім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter