Эсселер ✍️

Көрікті жерлері
Басқа қала сияқты, Қарағанды қаласының да көз тартатын көрікті жерлері бар. Атап айтар болсақ: Қарағанды қаласы негізімен көмірімен әйгіленген болса, арнайы Кеншілерге салынған Мәдениет үйінің бар болуы жаныңа жылулық береді. Яғни, Кеншілер мәдениет үйі. Сондықтан, Қарағандыға бара қалсаңыз Кеншілер мәдениет үйінің бар екені есіңізде болсын! Бұл Кеншілерге арналған үлкен құрмет деп білемін. Сонымен қатар Шахтёр даңқы атты ескерткіші көз тартады. Бұл ескерткішке суретке түсіп, видеоға тусіп, ел ішінде арқа-жарқа долып жатқан адамдарды көруге болады. Бұл әрине біз үшін үлкен қуаныш.
Ал, әрі қарай тек атауын атап өтсем, назар аударсаңыздар! Нүркен Әбдіров ескерткіші, Орталық саябақ, Қарағанды облысының мешіті, сонымен қатар тіпті Ленин ескерткіші де бар Қарағанды қаласы расында да еліміздің әдемі де, атына көркі сай қаладарының бірі деп айта аламыз. Егер Қарағанды қаласына келсеңіз, Қарағанды қаласының көрікті жерлерін міндетті түрде арадауға кеңес беремін. Жаныңыз жадырап сала береді.
Осы орайда Қарағанды облысына кіретін аймақтарды атап өтсем:
Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары кіреді. Сондай-ақ жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары бар. Мұның бәрін не үшін жазып отырмын, Қарағанды облысының құрамын біліп жүру өзімізге және өсіп келе жатқан балаларымыздың білуі өте маңызды деп ойлаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇