Шығармалар ✍️

Қарағанды қаласы
Қарағанды қаласы орталық Қазақстандағы қала, Қарағанды облысының орталығы болып табылады. Еліміздегі халық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларынан кейінгі бесінші орында орналасқан. Құрылған уақыты 1931 жыл, ал 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылған. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең.
Қарағанды қаласының халқының саны 2023 жылғы санақ бойынша 515 625 адамды құрап отыр. Бірнеше ұлт өкілдері мекендейді. Олардың ішінде қазақтар 47,63% құраса, орыстар 39,54% құрап отыр. Сондай-ақ, украиндар, татарлар, немістер, беларустар сияқты тағы да басқа ұлт өкілдері бар.
Қарағанды қаласына қарасты ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Ия, бұл қаламыз қара алтынның мекені. Қара алтын, яғни көмірдің туған жері. Осы Қарағанды қаласынан еліміздің әр өңірлеріне, бас облыстарына көмірді тасымалдап отырады. Бұл біздің көмірге бай қаламыз. Мен Қарағандымен мақтанамын. Қарағанды қаласының тұрғындары да өте бауырмал жандар деп санаймын. Қарағанды қаламыз жасасын! Облыс орталығы жасасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇