Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.11.2024
60
Қарағандым бұл менің
Қарағандым бұл менің,
Жанымның бір бөлшегі.
Туған жерім мекенім,
Шыншылдықтың өлшемі.
Қарағандым бұл менің,
Орталық боп жарасқан.
Бесінші сен қаламсың,
Бар жақсыға баласқан!
Қарағандым бұл менің,
Арайланар таңым сен!
Биік етер еңсемді,
Баға жетпес бағым сен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter