28.11.2024
  9


Автор: Қазақ әдебиеті

Жетім өмірі

«ТОРТАЙ МІНЕР АҚ БОЗ АТ» ОРАЛХАН БӨКЕЙ


 


«Тақырыбы: Жетім өмірі


«Идеясы: Жас баланың орындалмаған арманын көрсете отырып, ашына айту. «Жанры: әңгіме


«Композициялық талдау: Басталуы: Колхоз туралы


 


Байланысуы: Тортайдың тағдыры мен арман-ертегілері Дамуы: Алтайдың арғы жағында…


Шиеленісуі: Ақ боз ат туралы арман Шарықтау шегі: Көп жылдардан кейін Шешімі: Орындалмаған арман


 


«Кейіпкерлері:


Тортай- автордан екі-үш жас үлкендігі бар, әке-шешеден тым ерте айыры-лып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп ал-мас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын, жасқан-шақ еді. Бәрінен гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын балалардың ортасын-дағы білгіші, ауыздарын ашып тыңдар абызы сықылды.


Автор(Ораш)- әкесі ферма меңгерушісі, Тортайдың әсіресе жақсы көретін досы. Үйлерінде ішім-жем мол, тіпті ит басына іркіт төгіліп жатады.


 


«Маңызды деректер:


Жер-су атаулары: ауылдары Салықсалған; Моңғолия, Бұқтырма өзені, Алтай тауы


Ауылдары отыратын орын: Салықсалған


Әсіресе, шілденің дәл ортасы болса, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күн-дері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді.


Аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайды.


 


Ол кезде колхоз. Колхоздың сиыры күніне үш рет сауылады. Ал әр сауын-ның арасында шөп шауып, оны маялайтын. Кеште, тіпті түні бойы сепера-торға сүт тартып, май шайқайтып. Шаршау дегенді білмейтін қыз-келін-шектер соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуағына жылынып, сызыл-та ән салатын.


Балалардың күні бойғы жұмысы: өгіз үйретіп, бұзау жаяды, үш уақ сиыр са-уғызады. Ымырт үйіріле, алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалы-сып, тиіп-қашып ұлардай шулап ойнайды.


Тортай, әсіресе, авторды(Орашты) жақсы көреді. Жанынан бір елі қалдырмайды екен. Ол Орашты алдап, тамақ үшін дос болмайтын, қайта: "Мен аш жүргенім жоқ, әкеле берме", - деп ұрсатын-ды. Өз бейілі мен көңіл хошы болмаса ләм деп аузын ашпайтын, әрі құлағы хақас еститін болған соң, әңгімеге зауқы бола бермейтін. Тек Орашпен ғана оңаша сәттерде ағыл-тегіл әңгіме құрады.


Бір күні автор Тортайды көп іздеп әрең табады.. Тұрған үйі аузына келгенін айтып, ұрсып қуып жіберіпті. Салық-салғанның ұшар басындағы қалың тас қо-рымның үңгіріне кіріп, от жағып отыр екен. Тортай тас күркені ұядай қылып жинап, тазалап қойыпты. Бұдан бұрын да осы жерге сан рет келіп, мекеніне айналдырған секілді. Қайран қалдым.


Ағаштан қиып нар жасап, үстіне шөп төсеген. Өзіне тиесілі кітаптар әбден көп оқылғандықтан, жемтір-жемтір болып бір бұрышта жинаулы тұр. Төр алдына ешкінің терісі төселген. Қарағайдың жуан кеспелтек шәркесінен стол жасап,


 


май шам қойыпты. Тастан қаланған жерошақта маздап жанған от. Сіркіреп жаңбыр жауды. Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт ерте үйіріліп, көз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шыққан нан мен ірімшікті столдың үстіне қойдым. Нардың шетінде жалаң аяғын салбыратып үнсіз отырған Тортай: "Рақмет", - деді. Үні бір түрлі көңілсіз, қарлығыңқырап шықты. Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сәулесі тиген көзі қызарып, домбығып тұр еді.


"Әке-шешең" деген сөзді қырсығып айтқандай болды. Ал әке-шешемнің тірі, жер басып жүргеніне мен кінәлі емес едім.


"Ораза-намаз - тоқтықта ғана" деген. "Тоқ бала аш баламен ойнамайды" деген. Содан соң "Аласталған Алитет" деген кітапты қолына алып әрі-бері аударыстырды да, ірге жаққа лақтырып жіберд – Баяғыда бір жетім бала бо-лыпты, - деп бастады.


Бүгінде менің есімде Тортай айтқан ертектің көбі қалмаған, тіпті сол арман-шыл баланың өзін де ұмытқандай едім... Тек, "баяғыда бір жетім бала болып-ты" деп басталушы еді, ал, қалай аяқталатынын білмеймін


–"Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол - кітап, -дейтін. - Әкем де, шешем де сол - кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өміірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді."


Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортайға еріп бұзау бағуға шықтым. Менікі еріккеннің ермегі сықылды еді. Тас шоқының ұшар басына дейін бұзауларды өргізіп бардық та, еркіне қоя бердік. Өйткені төрт аяқты мал бұл жерден ұзап ешқайда кете алмайтын. Биіктеген сайын қалың барағы орман таусылып, таудың таз төбесі басталатын. Заңғар таудың төбесінде үнемі суық жел соғып тұратындықтан, ағаш болмайды және шөп те бойлап қалың өспейтін тақыр.


Алтайдан шығысқа тартып кетсек Моңғолия деп қиялдайды Тортай. Онда барса "о, қазақтар келді" деп құшақ жаяр еді, қымыз, ет төгілер еді. Сосын бір-бірмен ақ боз атқа отырып елімізге қайтар ек деп армандайды. Астындағы жақпар тасты тебініп қояды.


Тортай түсінде "көк өгізі ақ боз ат болып жер тарпынып тұр" екен. Тортайдың әкесі марқұмның тақымы қотыр тайға тимей кеткен екен, яғни ке-


дей болған. Бір рет ауылға барғанымда, азаматтар сөз қылып отыр екен. Тортай үйленбек болып ішкері жақтан жуастау бір қызға сөйлеседі. Сонда қыз: "Жеке басыңды қорламаймын, мен көндім, бірақ жаман-жақсы болса да әке-шешем бар, солардың ықыласынсыз кете алмаймын, өзің алдарынан өтіп қайт", - деген екен. Содан Тортай атына міне шауып, қыздың үйіне барады. Сәлем алысқан соң, қалыңдықтың әкесі: "Кімнің баласысың, шырақ?" - деп жөн сұрағанда, құлағының мүкісі бар Тортай ұқпай қалып: "Малдан келдім, ата", - деп қойып қалса керек. Шал: "Саңырауға қызымды бермеймін", - деп, ит қосып қуып салыпты.


 


Елге енді бір рет келгенде Тортай үйленген, екі-үш баласы бар, қой баға-ды.


Былтыр жазда ауылға барып, автор диванда шалқайып газет оқып жатқанда, үй-ге Тортай келеді. Автор Тортайдың дауысын танып қалады, бірақ тұрып аманда-суға батылы бармай, ұялып тұра алмайды.


Шығарманың аяқталуы:«Тортай мінер ақ боз ат…менің тақымымда кет-кендей еді…иесіне қайтаруға кеш еді…»


 


«Ұлттық құндылық: Соғыстан кейінгі ауыл тұрмысын көрсетеді, жетімдікті сипаттайды.


«Өз ойым+түсінік: Бұл шығармадағы жетім бала қандай өмір болып жатса да, армандай білді, үмітін үзбеді. Сонысымен де оқырманға ерекше сезім сыйлайды.


«Ұқсас шығарма: "Жусан иісі" С.Мұратбеков


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу